UMC қоры туралы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

UMC қоры туралы

«University Medical Center» корпоративтік қоры (бұдан әрі – UMC) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің 2015 жылғы 20 қыркүйектегі шешіміне сәйкес құрылды.

UMC жалпы қуаттылығы 778 төсек-орын және бір ауысымда 500 амбулаториялық-емханалық келулері бар, 4 инновациялық медициналық орталықты: Астана қаласындағы 3 инновациялық медициналық орталық: Республикалық диагностикалық орталық, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, сондай – ақ 2024 жылдан бастап – «Шымкент қаласындағы Жүрек орталығы» КЕАҚ біріктіреді.

Анықтама: 2016-2021 жылдары UMC құрамына Онкология және трансплантология Ұлттық ғылыми орталығы және Балаларды оңалту Ұлттық орталығы кірді (2019 және 2021 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілді). 2016 жылы UMC Қызылорда филиалын құрды.

UMC құрылғанға дейін жоғарыда аталған медициналық ұйымдар алдыңғы қатарлы медициналық технологияларды және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық   стандарттарын (Joint Commission International) енгізу, сондай-ақ инновацияларды ел өңірлеріне трансферттеу бойынша алдарына қойылған міндеттерді сәтті орындады.

UMC акушерлік және гинекология, педиатрия, балалар хирургиясы, травматология, урология, эндокринология, пульмонология, гастроэнтерология, неврология, онкогематология, кардиология мен кардиохирургия және басқаларын қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша медициналық көмек көрсетеді.

UMC сонымен қатар резиденттерді даярлау, қосымша және формальды емес білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін, сондай-ақ тиісті салаларда ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.

UMC сапаны тұрақты жетілдіру, жетекші әлемдік медициналық ұйымдарда медициналық персоналдың біліктілігін арттыру, пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсету жүйесін енгізу әдістемелерін қолдана отырып, Joint Commission International медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарының талаптарын сақтауға ерекше назар аударады.

UMC Питтсбург Университетінің Медицина мектебінің (UPSOM) және оның медициналық орталығының (UPMC) халықаралық стандарттары мен тәжірибесі негізінде құрылған Назарбаев Университетінің (NU Medicine) интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады.

Осы бірлескен қызметті жүзеге асыру мақсатында UMC, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУММ) және Өмір туралы ғылымдар орталығы (CLS) арасында клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің интеграциясын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. UMC сонымен қатар NU Medicine Leadership Council – кеңесші органына кіреді.

Nu Medicine мақсаты клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ілгерілету болып табылады. Бұл интеграция UMC орталықтарында пациентке және оның отбасына бағытталған инновациялық медициналық көмек көрсету және жалпы денсаулық сақтау стандарттарының деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Трансформация

Назарбаев Университеті стратегиялық мақсатына сәйкес, UMC клиникалық, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін интеграциялау арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ілгерілету мақсатындағы Назарбаев Университетінің (NU Medicine) интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады.

UMC стратегиялық жоспарларына сәйкес (2019-2023, 2024-2028 жж.), сондай-ақ The University of Pittsburgh Medical Center (UPMC) стратегиялық серіктесінің ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, UMC Аакадемиялық Медициналық Орталығын қалыптастыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

UMC пациентке бағытталған және отбасылық-бағдарланған медициналық көмек көрсетуде артықшылықты қамтамасыз ету үшін интеграцияланған Академиялық медициналық орталықтың моделін енгізу арқылы жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге ұмтылады.

Академиялық медициналық орталықты құру UMC ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің синергиясын ескере отырып, алдыңғы қатарлы білім мен тәжірибе, пациентке бағытталған медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту орталығы болуды көздейді.

2021 жылдан бастап UMC-де құрылымдық интеграция жүргізілді – Ана мен бала орталығы және Диагностикалық орталық және UMC бірыңғай клиникалық базасына (стационар және амбулатория) біріктірілді. UMC қызметкерлері мен пациенттеріне ыңғайлы болу үшін орталық ғимараттар арасында жер үсті өткелі салынды. Сол жылы UMC-ге Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы қосылды. 2024 жылдан бастап UMC басқаруына «Шымкент қаласының Жүрек орталығы» КЕАҚ кірді.

UMC барлық клиникалық бөлімшелерінің қызметі стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмекті біріктіретін Клиникалық академиялық департаменттің принциптеріне негізделген. Клиникалық академиялық департаменттер қызметі инновациялық клиникалық тапсырмаларды, білім беру бағдарламаларын және ғылыми зерттеулерді жүзеге асыра отырып, үштұғұрлыққа негізделген. UMC қызметкерлерінің қызметі бірыңғай клиникалық хаттамалар, ОПС және операциялық ішкі нормативтік құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Интеграция процестерін жандандыру үшін UMC, Назарбаев Университеті және оның еншілес ұйымдары қызметкерлерінің (басқару деңгейінде, клиникалық, білім беру, ғылыми қызметте) «қоса атқару» тетігі (Dual appointment) қолданылады.

Педиатрия, акушерлік-гинекология, клиникалық зертханалық диагностика және патологиядағы жетекші лауазымдарға Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессорлары тартылды (бұдан әрі – НУММ).

UMC-де барлығы 12 клиникалық академиялық департаменттер (КАД) жұмыс істейді:

Ана мен бала орталығында 8 КАД:

  • Педиатрия КАД

директоры – Иванова – Разумова Татьяна Владимировна, медицина ғылымдарының кандидаты, MBA, «Балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер; директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Dimitri Poddighe (НУММ қауымдастырылған профессоры);

  • Айел денсаулығы КАД

директоры Бапаева Гаури Биллаханқызы, медицина ғылымдарының докторы, «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер ( UMC маманы); директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары Terzic Milan (НУММ қауымдастырылған профессоры);

  • Зертханалық медицина, патология және генетика КАД

директорыМэтью Танко (НУММ қауымдастырылған профессоры); директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Джаканова Марита Турганбайқызы, медицина ғылымдарының кандидаты;

  • Анестезиология және қарқынды терапия КАД

директоры – Мустафинова Гульнара Толеуханқызы «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер;

  • Радиология және ядеролық медицина КАД;

директоры – Даутов Таирхан Бекболатұлы, медицина ғылымдарының докторы, «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер; директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары Кожахметова Жанар Жаныбекқызы, медицина ғылымдарының кандидаты;

  • Ішкі медицина КАД

директоры – Набиев Алтай Нұғманұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер; директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Ошакбаев Қуат Пернекулұлы, медицина ғылымдарының докторы, «Терапия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер;

  • Балалар хирургиясы КАД  

директоры – Рүстемов Дастан Зейноллаұлы, «Балалар хирургиясы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер; директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Біләл Руслан Әрмияұлы, медицина ғылымдарының кандидаты;

  • Хирургия КАД

директоры – Биханов Нұржан Ақтлеуұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары білікті санатты хирург дәрігер; директордың ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары – Берикханова Кульжан Еженханқызы, медицина ғылымдарының кандидаты; 

4 Астана қ. Жүрек орталығы КАД:

  • Кардиохирургия КАД

директоры – Лесбеков Тимур Достайұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Ересектер кардиохирургиясы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер;

  • Кардиология КАД

директоры – Мукаров Мұрат Аманжолұлы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Ересектер кардиологиясы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер;

  • Интервенциялық кардиология және радиология КАД

директоры – Арипов Марат Асанұлы, медицина ғылымдарының докторы, «Ересектер кардиологиясы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер;

  • Кардиоанестезиология және қарқыынды терапия КАД

директоры – Қуанышбек Айдын Саятұлы, «Ересектер анестезиологиясы және реаниматологияссы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер.

КАД клиникалық қызметінің бағыттары бойынша құрылған «бағдарламалар» – КАД функционалдық бірлігінің бөлімшелері болып табылады. Бағдарлама басшысы клиниканы, білім мен ғылымды интеграциялауға бағытталған іс-шараларды тікелей ұйымдастырады және жүзеге асырады. Тиісінше, UMC қызметкерлері НУММ студенттерін, резидент дәрігерлерді клиникалық оқытуға және бірлескен клиникалық және ғылыми зерттеулерге тартылады.

UMC Мейіргерлік қызметі орталықтандырылған. Дәрігерлер басқаратын бөлімшелерден мейіргерлік кадрлары UMC Клиникалық базасын (стационар және амбулатория) басқаратын дербес қызметке бөлінген. Құзыреттілік деңгейі бойынша мейіргер ісі мамандарының көп деңгейлі градациясы енгізілді.  Мейіргер ісі мамандарының өкілеттіктері мен жауапкершіліктері кеңейетілді. Мейіргерлік зерттеу жобалары, НУММ базасында UMC мейіргерлік персоналының әлеуетін арттырудың түрлі бағдарламалары үнемі жүзеге асырылуда (5 айлық Professional Development Program (PDP) бағдарламасы, жеделдетілген 2 жылдық «Қолданбалы мейіргер ісі бакалавры» бағдарламасы бойынша).

UMC Қазақстанның ғылыми-білім беру әлеуетін дамытудағы бірегей алаң болып табылады.

UMC-де НУММ бағдарламалары (10 мамандық) бойынша, сондай-ақ резидентураның ұлттық бағдарламалары бойынша НУММ студенттері, резиденттер даярланады. UMC-де барлығы 20 клиникалық мамандық бойынша 300-ге жуық резидент-дәрігерлер оқытылады.

UMC шетелдік «менторлар» мамандарын тартады және халықаралық шеберлік кластарын  өз орталықтарының базасында ұйымдастырады. Жыл сайын 1 мыңнан астам адам оқытылатын өңірлік медициналық ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

UMC ғылыми зерттеу қызметі

2019-2023 жылдары UMC орталықтарында ҚР ҒЖБМ БНҚ, CRP және басқа да көздерден гранттық қаржыландыру бойынша 33 ғылыми жоба мен клиникалық зерттеулер жүзеге асырылды.

Соңғы 5 жылда NU/CLS зерттеу қызметіне қатысқан UMC клиницист дәрігерлерінің үлесі орта есеппен 4,3% құрайды.

UMC қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігі жыл сайын артып келеді – 2019-2023 жылдары импакт факторы бар халықаралық рецензияланатын журналдарда UMC 270 жарияланымы жарық  көрді; Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорларында қызметкерлердің жарияланымдарына дәйексөздер саны 3,8 мыңнан асты; 40-қа жуық қорғау құжаттары алынды.

Ұлттық медициналық холдингтің құқықтық мұрагері бола отырып, UMC Қазақстанда жаңа медициналық технологияларды енгізуді және дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта UMC құрамына кіретін орталықтар 2010-2023 жылдар кезеңінде 247 технологияны енгізді, оның 90 – ға жуығы өңірлерге берілді.

Назарбаев Университетінің – NU Medicine интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі ретінде UMC медициналық персоналдың бәсекеге қабілетті буынын қалыптастыруға, сирек, күрделі ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи хаттамаларын әзірлеуге, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын жақсартуға қатысады.

Жалпы, NU Medicine құру:

  • сапа мен пациенттер қауіпсіздігінің халықаралық стандарттарына негізделген тиімді клиникалық қызметке;
  • прогрессивті білім беру технологияларын енгізу арқылы бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға;
  • денсаулық сақтаудағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған.

Болашақта UMC алған тәжірибесін еліміздің басқа медициналық ұйымдарына тарату медициналық кадрларды даярлау сапасын едәуір жақсартуға және халықаралық деңгейде Қазақстан медицинасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

UMC аккредиттеу

  1. Медициналық ұйымның денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, халықаралық деңгейдегі медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігі: UMC Ұлттық аккредиттеудің жоғары санаты берілді; UMC Joint Commission International (JCI)аккредитациясына ие; UMC зертханалары ISO – Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымымен аккредиттелген.   
  2. Ұйымның білім беру қызметі стандарттарына сәйкестігі: UMC резидентура бағдарламалары институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы сертификаттарға ие  – Eurasian Centre for Accreditation and Quality Assurance in Higher Education and Health Care (ECAQA) и Independent Agency for Quality Assurance in Education (IQAA).
  3. Ұйымның ғылыми қызмет стандарттарына сәйкестігі: UMC Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген.  

Registration for CT/MRI