Коммерциялық ұсынысты алу үшін, сұратуды электронды түрде sales@umc.org.kz поштасына жолдаңыз. Сұратудың үлгісі:
«Сізден медициналық қызметтерге (қызметкерлер саны – , атап айтқанда ер адамдар__ , әйел адамдар __ ) коммерциялық ұсынысыңызды ұсынуыңызды өтінеміз»
*қызметтердің атауын қатаң түрде баға көрсеткішіне сәйкес көрсету қажет.
Коммерциялық ұсынысқа келісім алу және оған қол қойғызу мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне дейін.
Коммерциялық ұсыныс электрондық поштаға жіберіледі.
«University Medical Center» корпоративтік қорының қолданыстағы баға көрсеткішімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.
UMC пациенттері -клиенттері талдауларының қорытындыларын зертханалық қызметтер шарты жасалынған серіктестер ұсынады.
UMC серіктесі клиенттерінің дайын талдау қорытындыларын жүктеуге болатын порталдағы жеке кабинетке кіруге UMC рұқсатын береді.
Шартқа өзгеріс енгізу (мерзімін ұзарту, деректемелерін өзгерту, баға көрсеткішін өзгерту және т.б.) немесе шартты бұзу қажет болған жағдайда, сұратуды sales@umc.org.kz поштасына жіберіңіз.
Егер Орталықтардың қызметіне қатысты Сіздің ұсыныстарыңыз болған жағдайда, онда оларды partnership@umc.org.kz поштасына жолдаңыз.
Егер Сіз «University Medical Center» корпоративтік қорының серіктесі болғыңыз келсе, Шарттың лайықты жобасын жүктеп алыңыз, танысыңыз, содан соң ұйымның, қол қоюшының деректерін, деректемелерді және басқа да деректерді (барлық қажетті тармақтар түспен белгіленген) толтырыңыз.
Мыналарды поштаға жолдаңыз:
* шет мемлекеттердің елшіліктері үшін құжаттар тізбесін төменде көрсетілген байланыстар бойынша нақтылау қажет.
Шартқа келісім алу және оған қол қойғызу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.
Шартқа қол қойылғаннан кейін түпнұсқалар (курьермен / тапсырысты почтамен) екінші Тарапқа қол қоюға жіберіледі. Қор шартының данасына 7 (жеті) жұмыс күндік мерзім ішінде қол қойдырып, қайтару қажет, әйтпесе Шарттың күші жойылды деп есептеледі.
Қор шартының данасын алғаннан кейін, ол сканерленеді де жауапты тұлғалар Орталықтарға жібереді. Осы сәттен бастап Сіздің пациенттеріңізге қызмет көрсетуге рұқсат беріледі.
UMC серіктесінен өтініш түскенде Сізге:
Корпоративтік клиенттермен шартттарды жасасу бөлімінің байланыстары:
Запись на кт/мрт