Технологиялар трансферті
UMC 2019-2023 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, UMC басымдығы ғылыми-зерттеу, білім беру және клиникалық қызметтің сәтті синергиясын қажет ететін шеберлік пен білім орталығы болып табылады. Бұл мәселені шешу жетекші шетелдік медициналық, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының серіктес қолдауымен, соның ішінде 024 «Назарбаев Университетіне мақсатты салым» бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Осы ынтымақтастық шеңберіндегі іс-шараларды үйлестіру және ұйымдастырушылық қолдауды білім департаменті жүзеге асырады.
UMC қызметкерлерінің әлеуетін арттыру бойынша іс-шаралардың негізгі түрлеріне шетелде тағылымдамалар, шетелдік сарапшылармен тәлімгерлік және жетекші шетелдік сарапшылармен шеберлік сабақтары кіреді. Бұл шараларды іске асыру медициналық орталықтарды ғана емес, сонымен қатар басқарушылық және академиялық инновациялық технологияларын UMC орталықтарының тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік береді.
Білім беру қызметін жүзеге асырудың негізгі принциптері:
Шетелде UMC мамандарын оқыту
UMC клиникаларының дәрігерлері мен медбикелері жыл сайын басым бағыттар бойынша жетекші шетелдік ұйымдарда өздерінің біліктіліктерін арттырады.
Шетелде алынған жаңа білім мен тәжірибе перспективті кадрлық әлеует құруға, үздік халықаралық тәжірибені енгізуге, қызмет көрсеткіштерін жақсартуға, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін шетелдік жетекші медициналық орталықтарда 123 UMC мамандары келесі негізгі клиникалық және басқару бағыттары бойынша оқытылды:
UMC тәлімгерлік бағдарламалары
2021 жылдан бастап UMC-ге дәрігерлері мен мейірбикелеріне тәлімгерлік/менторлық және медициналық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында АҚШ, Жапония, Корея, Италия, Израиль, Түркия, Финляндия, және басқа да елдердің клиникаларынан педиатрия, ортопедия, хирургия, кардиология, зертханалық диагностика, онкология, урология, акушерлік және гинекология, мейірбике ісі және т. б. бағыттар бойынша 93 шетелдік тәлімгерлер тартылды.
UMC-де мастер-класстарды өткізу
Жыл сайын UMC базасында алдыңғы қатарлы медициналық орталықтардан шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар өткізіледі. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 17 мастер-класстар өткізілді. Донорлық органдар трансплантацияланды, төменгі жақтың туа біткен ақаулары бар балаларға хирургиялық емдеу жүргізілді, сондай-ақ несеп-жыныс синусы бар жыныстық дамудың бұзылуы, жыныс мүшелерінің атипті дамуы. Сондай-ақ, күрделі формадағы туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға операциялар жасалды.
UMC Мейірбике ісі мамандары үшін біліктілікті арттыру курсын өткізу
UMC-тің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі-мейірбикелердің құзыреттілігін халықаралық стандарттар деңгейінде дамыту және орта медициналық қызметкерлердің өкілеттік аймақтарын кеңейту. UMC Мейіргер ісі мамандарының жұмыс процестерін қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайын стратегиялық әріптесі Питтсбург Университетімен бірлесіп әзірленген Назарбаев Университеті Медицина мектебінде кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша мейіргерлерді оқыту жүргізіледі.
UMC негізгі шетелдік серіктестері:
Іске асырылған іс-шаралар UMC жекелеген негізгі бағыттары бойынша мультидисциплинарлық клиникалық топтардың біліктілігін арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жаңа әдістерін клиникалық тәжірбиеге енгізуге бағытталған.
Сыздыкова
Алма Алибековна
БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ДИРЕКТОР
Капасова
Баян Биржанкызы
БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
БАС МЕНЕДЖЕР
Бекбосынова
Сауле Бейбитовна
ДЕПАРТАМЕНТА ОБРАЗОВАНИЯ
БАС МЕНЕДЖЕР
Қалиқанов
Сұлтан Берікұлы
БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
БАС МЕНЕДЖЕР
Запись на кт/мрт