UMC-нің қосымша және бейресми білім деңгейіндегі білім беру қызметтері оның орталықтарында және басқа ұйымдарға барып өткізілетін мына кең ауқымды іс-шараларды қамтиды: сертификаттау курстары, біліктілікті арттыру циклдары, жұмыс орнындағы тағылымдамалар, мастер- кластар, семинарлар және тағы басқалар. Сабақтар (жеке және топпен бірге) бетпе- бет түрде өткізілуі мүмкін. Оқыту төмендегі орталықтардың клиникалық бөлімшелер базасында (стационар, амбулатория) жүргізіледі:
Оқыту денсаулық сақтау жүйесінің медициналық қызметкерлері үшін хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, онкологиялық, педиатриялық, терапевтік, кардиологиялық және кардиохирургиялық бейіндегі жоғары мамандандырылған медициналық көмектің әртүрлі түрлері бойынша ұйымдастырылған.
Дәріскерлер – жоғары білікті мамандар, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жұмыс және оқыту тәжірибесіне ие, әлемнің үздік орталықтары мен клиникаларында білім алған жоғары санаттағы дәрігерлер.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың бейресми білімі тағылымдамалар, семинарлар, тренингтер, мастер- кластар және басқа да форматтарда өткізіледі. Тапсырыс берушінің қажеттілігін ескере отырып, талап етілген тақырыптар бойынша оқыту сұраныс негізінде және алдын ала келісім арқылы жүргізіледі.
Қосымша білім беру мәселелері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
№ |
ТАӘ |
Байланыс телефоны |
Жетекшілік ететін бағыт |
1. |
Ахметова Асем Толегеновна |
+7 7172 79-74-82 |
Ана мен бала орталығы (Әйел денсаулығы, Анестезиология және қарқынды терапия, хирургия) |
2. |
Ольховик Светлана Владимировна |
||
3. |
Абдрахманова Эльмира Сериковна |
Диагностикалық орталық (Педиатрия және лабораториялық медицина, Ішкі медицина, ядролық медицина) |
|
4. |
Шинтаева Сабира Сауранбековна |
Жүрек орталығы |
Запись на кт/мрт