Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім алу нысаны.
Резидентураның білім беру бағдарламаларын – бастапқы медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураны игергісі келетін тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі. Резидентураның білім беру бағдарламасын игеру мерзімі мамандыққа және алдыңғы дайындыққа байланысты 2-4 жылды құрайды.
UMC білім департаменті келесі клиникалық мамандықтар бойынша резидентура бағдарламаларын жүзеге асырады:
UMC резидентурасында оқыту құны:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – әр оқу жылына 1 811 300 теңге.
ТМД/жақын шетелдердің азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдарға – әр оқу жылына 2 173 600 теңге.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шет мемлекеттердің азаматтары үшін – әр оқу жылына 2 717 000 теңге.
UMC резидентурасына түсушілер үшін құжаттарды тіркеу алымының құны:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін – 5 000 теңге.
ТМД/жақын шетелдердің азаматтарына және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын азаматтығы жоқ адамдарға – 6 000 теңге.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шет мемлекеттердің азаматтары үшін – 7 500 теңге.
Білім беру қызметін аккредиттеу
2023 жылдың желтоқсан айында UMC білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігімен институционалды аккредиттеуден өтті. Оқытушылар құрамының материалдық-техникалық базасы мен жоғары деңгейіне ерекше назар аударған арнайы комиссия оқу орнының барлық талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдады.
2020 жылдың желтоқсанында UMC халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. UMC келесі мамандықтар бойынша резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша 5 (бес) жылға аккредиттелген:
− 7R09110 – Онкология және гематология балалардың;
− 7R09119 – Нефрология ересектердің, балалардың;
− 7R09110 – Сәулелік диагностика (Радиология);
− 7R09105 – Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың;
− 7R09103 – Балалар хирургиясы;
− 7R09111 – Педиатрия;
− 7R09108 – Неонатология;
− 7R09101 – Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың;
− 7R09106 – Медициналық генетика;
− 7R09104 – Клиникалық фармакология;
− 7R09107 – Неврология ересектердің, балалардың.
2023 жылдың желтоқсанында UMC халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. UMC келесі мамандықтар бойынша резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша 5 (бес) жылға аккредиттелген:
− 7R01113 – Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың;
− 7R01115 – Жалпы хирургия;
− 7R01118 – Оториноларингология ересектердің, балалардың;
− 7R01119 – Офтальмология ересектердің, балалардың;
− 7R01112 – Патологиялық анатомия;
− 7R01116 – Ревматология ересектердің, балалардың;
− 7R01114 – Эндокринология ересектердің, балалардың;
− 7R01121 – Урология және андрология ересектердің, балалардың;
− 7R01117 – Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың;
Мұғалімдерге кері байланыс
Пікір қалдыруСыздыкова
Алма Алибековна
БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ДИРЕКТОР
Муфталова
Алтынай Сункаровна
КФ «University Medical Center»
МЕНЕДЖЕР ДЕПАРТАМЕНТА ОБРАЗОВАНИЯ
Агдарбекова
Мадина Руслановна
Департамент образования
ГЛАВНЫЙ МЕНЕДЖЕР
Керимкулова
Айгерим Джамбулатовна
КФ «University Medical Center»
ГЛАВНЫЙ МЕНЕДЖЕР ДЕПАРТАМЕНТА ОБРАЗОВАНИЯ
Муфталова
Алтынай Сункаровна
КФ «University Medical Center»
МЕНЕДЖЕР ДЕПАРТАМЕНТА ОБРАЗОВАНИЯ
Запись на кт/мрт