Корпоративтік клиенттер | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Корпоративтік клиенттер

«University Medical Center» корпоративтік  қорының қазіргі серіктестері-заңды тұлғалары үшін

Коммерциялық ұсыныстарды сұрату

Коммерциялық ұсынысты алу үшін, сұратуды электронды түрде   sales@umc.org.kz поштасына жолдаңыз. Сұратудың үлгісі:

«Сізден медициналық қызметтерге (қызметкерлер саны – , атап айтқанда ер адамдар__  , әйел адамдар __  ) коммерциялық ұсынысыңызды ұсынуыңызды өтінеміз»

*қызметтердің атауын қатаң түрде баға көрсеткішіне сәйкес көрсету қажет.

Коммерциялық ұсынысқа келісім алу және оған қол қойғызу мерзімі 5 (бес) жұмыс күніне дейін.

Коммерциялық ұсыныс электрондық поштаға жіберіледі.

Баға көрсеткіші

«University Medical Center» корпоративтік қорының қолданыстағы  баға көрсеткішімен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Талдаулардың қорытындыларын алу

UMC пациенттері -клиенттері талдауларының қорытындыларын зертханалық қызметтер шарты жасалынған серіктестер ұсынады.

UMC серіктесі клиенттерінің дайын талдау қорытындыларын жүктеуге болатын порталдағы жеке кабинетке кіруге UMC рұқсатын береді.

Шартты ұзарту/қайта жасасу/бұзу

Шартқа өзгеріс енгізу (мерзімін ұзарту, деректемелерін өзгерту, баға көрсеткішін өзгерту және т.б.) немесе шартты бұзу қажет болған жағдайда, сұратуды sales@umc.org.kz поштасына жіберіңіз.

Орталық қызметіне ұсыныстар

Егер Орталықтардың қызметіне қатысты Сіздің ұсыныстарыңыз болған жағдайда, онда оларды partnership@umc.org.kz поштасына жолдаңыз.

«University Medical Center» корпоративтік  қорының әлеуетті серіктестері-заңды тұлғалары үшін

Егер Сіз «University Medical Center» корпоративтік қорының серіктесі болғыңыз келсе, Шарттың лайықты жобасын жүктеп алыңыз, танысыңыз, содан соң ұйымның, қол қоюшының деректерін, деректемелерді және басқа да деректерді (барлық қажетті тармақтар түспен белгіленген) толтырыңыз.

Мыналарды поштаға жолдаңыз:

  • Толтырылған шарттың жобасы;
  • құрылтай құжаттары (Жарғы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама);
  • басшының қол қою құқығына арналған құжаттар (Жарғы / тағайындау туралы бұйрық/ сенімхат / жеке куәлігі (ЖК үшін));
  • Тапсырыс беруші тарапынан шарт жасауға жауапты тұлғаның байланыстары;
  • құжаттардың түпнұсқаларын жіберу үшін Тапсырыс берушінің мекенжайы (индексі, елі, қаласы, көшесі, ғимараты, кеңсесі, байланысатын тұлға).

* шет мемлекеттердің елшіліктері үшін құжаттар тізбесін төменде көрсетілген байланыстар бойынша нақтылау қажет.

Шартқа келісім алу және оған қол қойғызу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күніне дейін.

Шартқа қол қойылғаннан кейін түпнұсқалар (курьермен / тапсырысты почтамен) екінші Тарапқа қол қоюға жіберіледі. Қор шартының данасына 7 (жеті) жұмыс күндік мерзім ішінде қол қойдырып, қайтару қажет, әйтпесе Шарттың күші жойылды деп есептеледі.

Қор шартының данасын алғаннан кейін, ол сканерленеді де жауапты тұлғалар  Орталықтарға жібереді. Осы сәттен бастап Сіздің пациенттеріңізге қызмет көрсетуге рұқсат беріледі.

«University Medical Center» корпоративтік қоры серіктесінің клиенттері-жеке тұлғалар үшін

UMC серіктесінен өтініш түскенде Сізге:  

  • Серіктестің- компаниясының өкілінен жолдаманы алуыңыз қажет. Жолдамадағы қызметтің атауы UMC баға көрсеткішіне және UMC пен серіктес- компаниясымен арадағы шарттағы көрсетілген қызметтердің тізбесіне қатаң түрде сәйкес келуі тиіс.
  • Қабылдауға тағайындалған уақыттан кем дегенде 15 минут бұрын келу қажет.
  • Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, серіктес- компаниясынан жолдама болуы қажет.

Корпоративтік клиенттермен шартттарды жасасу бөлімінің байланыстары:

sales@umc.org.kz
+7 7172 69 24 85
+7 7172 69 24 86

Запись на кт/мрт