UMC MA — «University Medical Center» ҚҚ және «Архимедес Казахстан» ЖШС консорциумының медициналық сервистік компаниясы.
Қызметін University Health Center медициналық орталық негізінде жүзеге асырады.

UMC MA мақсаты — сақтандырылған тұлғаларды жоғары деңгейдегі кешенді медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Орталықтың форматы медициналық қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді: әр түрлі маман дәрігерлердің кеңесін алу, лабораторлық зерттеуден, функционалдық диагностикадан өту мүмкіндігі.
Диагностика: барлық мүшелердің УДЗ-диагностикасы, ЭХО КГ, ЭКГ, УДДГ, лабораторлық, құралдық зерттеулер.
Жоғары білікті мамандар консультативтік көмек береді: терапевт, кардиолог, эндокринолог, хирург-травматолог, офтальмолог, оториноларинголог, психотерапевт, акушер-гинеколог.
Шетел студенттерін ағылшын тілінде сөйлейтін маман (терапевт) қабылдайды. Клиникада және басқа медициналық ұйымдарда медициналық көмек алу үшін ағылшын тілінде сөйлейтін мамандар ертіп жүреді.
Қосымша қызметтер:
- физиопроцедуралар, уқалау;
- емдеу кабинетінің қызметтері: теріастылық, бұлшықетішілік дәрі құю, көктамырдың ішіне сұйықтық құю;
- күндізгі стационар қызметтері;
- тұмаудан вакциналау;
- 086 нысанындағы жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өту;
- флюорографиялық зерттеу.
Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 53 (Назарбаев Университеті)
- 24-ші блок, 1 қабат, 69 кабинет (дәрігер терапевт);
- 19-ші блок, 2 қабат, кезекші дәрігер кабинеті;
- С2 блогы, 1 қабат, 1069 кабинет (үйлестіруші).
Келушілердің ыңғайлылығы үшін UHC негізінде дәріхана да ұйымдастырылған —24-ші блок, 1 қабат, 046 кабинет.
Жұмыс кестесі:
University Health Center кампусындағы медициналық орталықтың
24-ші блок — ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, телефон: 8 (7172) 69-27-27, ұялы: +7 701 032 64 35
Кампустағы кезекші дәрігерлердің
19-ші блок — ДС-ЖМ сағат 20:00-ден 8:00-ге дейін, СН, ЖС — тәулік бойы
“JysanGarant” СК үйлестірушісі
С2 блогының үйлестірушісі — ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін
Ұялы телефоны: +7 700 748 63 07
Сақтандырылған тұлғаларға қызмет көрсету сапасы
- Сақтандырылғандармен байланыс құралы ретінде кері байланыс (email (jghi@nu.edu.kz), телефон/Whatsapp +7 700 748 63 07 арқылы).
- Өтініштерді уақтылы және толық қарау, олар бойынша шешімдер қабылдау және сақтандырылғандарға жауап жіберу үшін келіп түскен өтініштердің мониторингі.
- Сақтандырылғандарды енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыру, ақпарат тарату.
Сақтандырылған тұлғалар үшін қолжетімділік пен ақпараттылық мақсатында кампус негізінде “JysanGarant” СК үйлестірушісінің кабинеті ашық, онда қызметкерлердің:
- сақтандыру бағдарламалары бойынша кеңес алуға,
- ШЕШ сертификатын алуға,
- Архимедес Казахстан филиалдарының жұмыс кетесі бойынша ақпарат алуға,
- медициналық орталық мамандарының қабылдауына жазылуға,
- қызмет көрсету сапасы бойынша тілектерін қалдыруға мүмкіндіктері бар.
Медициналық қызмет көрсетудің барлық сұрақтары бойынша ақпарат алу үшін мынадай телефондар бойынша Сall-орталыққа өтініш жасау қажет:
KCell, Active, Beeline абоненттері үшін 2828, клиенттер үшін кез-келген аймақтан қоңырау салу тегін.
Алматы қаласы бойынша: телефондар: + 7 (727) 2 444 680; + 7 (727) 2 444 698.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: телефондар + 7 (7172) 99 95 95; + 7 (7172) 99 96 56; +7 (7172) 69 27 27, +7 701 032 6435
Атырау қаласы бойынша: +7 701 951 16 46 үйлестіруші Арайлым Майтанова.
Аймақтар бойынша: 8 800 080 52 52 — стационарлық нөмірден қоңырау тегін (Қазақстан Республикасының барлық аймақтары үшін).