Симуляциялық Орталық | Корпоративный фонд "University Medical Center"

| Симуляциялық Орталық

Симуляциялық Орталық


UMC-де симуляциялық оқыту

Медицинадағы симуляциялық оқыту – бұл медициналық көмектің клиникалық қауіпсіздігі мен сапасын арттырудың заманауи құралы. Медициналық мамандарға нақты клиникалық жағдайларға мүмкіндігінше жақын, бірақ пациенттерге қауіп төндірмейтін жағдайларда іс-қимыл алгоритмдерін, техникалық дағдыларды және командалық өзара әрекеттесуді пысықтауға мүмкіндік береді.

Қателіктің салдары аса жоғарыболатын сирек, күрделі және сыни жағдайларға дайындық үшін қолданылады: жіті тыныс алу және жүрек-қан тамырлары бұзылулары, көп сөлшерде қан жоғалту, сепсис, жүктілік пен босанудың асқынулары, периоперациялық дағдарыстар. Уақыт тапшылығы жағдайында топтық жұмысқа, клиникалық ойлауға және шешім қабылдауға баса назар аударылады.

Симуляциялық оқыту практикаға не береді

UMC-де симуляциялық оқыту жеке дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар медициналық көмекті жүйелі түрде жақсартуға бағытталған. Мүмкіндігі:

Миссиясы

UMC симуляциялық оқытудың миссиясы – медициналық командаларды жоғары тәуекел жағдайында жұмысқа дайындау, заманауи білім беру технологияларын енгізу және клиникалық жауапкершілік мәдениетін дамыту арқылы пациенттердің қауіпсіздігін және медициналық көмек сапасын арттыру.

Біз симуляцияны денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздікті басқару жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырамыз.

Пайымы

UMC пайымы – Қазақстан Республикасында медициналық мамандарды даярлаудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыратын және симуляцияны дамыту бағытын белгілейтін симуляциялық медициналық білім берудің ұлттық үйлестіруші және әдістемелік орталығы болу.

Мақсаты

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Алқасының 2024 жылғы 15 мамырдағы шешіміне сәйкес, University Medical Center және Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында Республикалық симуляциялық білім беру орталығын құру.

Орталық кадрларды даярлауға, клиникалық қауіпсіздік стандарттарын енгізуге және денсаулық сақтаудың басым бағыттарын қолдауға арналған инфрақұрылымдық платформа ретінде қарастырылады.

Инфрақұрылым және ресурстар

Симуляциялық кабинеттер заманауи симуляциялық жабдықтармен жабдықталған және клиникалық ортаға біріктірілген Жүрек орталығында және Ана мен бала орталығында орналасқан. Оқыту тәжірибелі профессорлық-оқытушылық және клиникалық құрамның қатысуымен жүргізіледі.

Оқу сыныптары, компьютерлік жарақтандыру, объективті құрылымдық клиникалық емтихан (ОҚКЕ) кабинеттері, тестілеуге арналған компьютерлік сыныптар, оқыту, дәріс залдары мен бағалау және әдістемелік қолдаудың толық циклін қамтамасыз ететін симуляциялық жабдықтар.

UMC-дегі симуляциялық оқытудың рөлі

UMC-дегі симуляциялық оқыту тәжірибелік медициналық қызметкерлерге, резиденттерге және медициналық командаларға бағытталған және кадрлық әлеуетті дамыту мен еліміздегі медициналық көмектің қауіпсіздігін арттыруға жүйелі тәсілдің бір бөлігі болып табылады.

Запись на кт/мрт