Пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 418 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11520 тіркелді.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
|
Денсаулық сақтау және |
|
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 418 Бұйрығына қосымша |
__________ қаласы. № _____ 20___ж. “___” _____________
____________________________________________________________________,
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжат (жеке бас куәлігі, паспорт) берілген күні, кім берді)
мына мекенжай бойынша тұрып жатқан:
_______________________________, одан әрі “Пациент” деп аталып бір тараптан және “____________________________________________________”,
(денсаулық сақтау субьектісінің атауы)
медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы ________________________ атынан ____________________________________,
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Жарғының (Ереженің) негізінде қызмет ететін, одан әрі “Денсаулық сақтау субъектісі” деп аталып екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пацентке медициналық көмек (дәрігерге дейінгі медициналық көмек, білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, стационарды алмастыратын, оңалту және паллиативтік көмек) көрсетеді;
– дәрі-дәрмектік терапияны уақтылы тағайындауды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен (бұдан әрі – № 786 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес пациентке дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды амбулаториялық деңгейде алуына рецептер жазып беруді қамтамасыз етеді.
2. Қызмет көрсету шарттары мен тәртібі
11. Баланы емдеуге жатқызу кезінде оның заңды өкілімен шарт жасалады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
14. Денсаулық сақтау субъектісі:
– қызмет көрсету орны, ұйымда көрсетілуі мүмкін профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызмет көрсетулер туралы, мамандардың біліктіліктері және сертификаттары туралы мәліметтер;
– жұмыс режимі мен тәртібі туралы мәліметтер, дәрігерлердің қабылдау кестесі (кабинеттің нөмірі, дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қабылдау уақыты көрсетілген) (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар үшін);
– дәрігерді үйге шақырту ережелері туралы ақпарат (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін);
– стационар жұмысының ішкі тәртібі мен ережелері туралы мәліметтер (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар үшін);
– қолданылатын емнің түрлері мен әдістері туралы, дәрілік заттардың мөлшері, дүркінділігі, ұзақтығы және қабылдау тәртібі туралы және препараттардың мүмкін болатын салдары мен жанама әсерлері туралы, үй жағдайында дәрілік заттарды сақтаудың ерекшеліктері туралы қысқаша ақпарат;
– оған медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың аттары, біліктіліктері және сертификатталуы туралы ақпарат;
– халықты жұмыс режимі туралы уақтылы ақпараттандыру;
– кедергісіз және кідіріссіз алдын ала қабылдауға жазылу, оның ішінде автоматтандырылған режимде;
– дәрігердің қабылдауына, дәрігерге дейінгі көмек кабинетіне, медициналық профилактика кабинетіне жазылу (емханаға тікелей келген кезде де, телефон бойынша да);
– пациенттердің тұрғылықты жері бойынша дәрігерлерді үйге шақыруларды уақытылы қабылдау;
6) үйге шақыртуларды уақтылы қамтамасыз етеді (шақыртқан күні);
15) Пациентті бейінді денсаулық мектептерінде және саламатты өмір салты кабинеттерінде оқытады;
15. Денсаулық сақтау субъектісі:
4) көрсетілімдері бойынша пациентті басқа медициналық ұйымға ауыстыруды (жіберуді) жүзеге асырады;
1) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы;
3) мыналар туралы ол үшін қолжетімді нысанда қолайлы қолда бар ақпаратты алады:
– зерттеп-қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз денсаулығының жағдайы;
– аурудың болуы, оның диагнозы және болжамы;
– емдеу тәсілі, оған байланысты қаіптер;
– медициналық араласулардың мүмкін болатын нұсқалары, олардың салдары;
– жүргізілген емдеу нәтижелері;
4) медициналық қызметтердің инвазивтік әдістеріне ақпараттандырылған жазбаша ерікті келісім береді;
5) өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің бағасы туралы, және де оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс өз қаражатының, ұйымның, ерікті сақтандыру жүйесінің және басқа да тыйым салынбаған көздердің қаражаты есебінен қосымша медициналық қызметтер алады;
7) диагностикалау, емдеу және күту, амбулаториялық (стационарлық) деңгейде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету процесінде өзінің мәдени және жеке құндылықтарына лайықты ілтипат пен құрметті пайдаланады;
8) тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алады;
9) медициналық технологиялардың қолданыстағы деңгейінің мүмкіндігіне қарай бейнетін жеңілдетуге, консилиум өткізілуіне құқығы бар;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауына және қолданбауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы;
11) қандай да болмасын кемсіту факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлердің негізінде анықталатын кезектілікпен медициналық көмек алады;
12) медициналық қызмет көрсетушілердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) және кәсіби мәртебесі туралы мәліметтер алады;
13) жұмысқа шығарудың, басқа медициналық ұйымға ауыстырудың және басқа да бас тартқан жағдайлардың себебі түсіндіріледі;
14) белгіленген тәртіпте жазбаша ресімдей отырып және медициналық құжаттамаға енгізіп, медициналық көмек алудан бас тарта алады;
15) ауыруы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін растайтын құжаттарды алады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама);
16) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін емделуге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін рецептер бойынша алады;
17) медициналық қызмет және (немесе) дәрілік қамтамасыз ету сапасыз көрсетілген жағдайда:
– медициналық ұйымның Ішкі бақылау қызметіне (пациентке қолдау көрсету) жүгінеді;
– көрсетілген медициналық қызметтерге тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз (бейінді) сарапшыларды немесе тәуелсіз сараптама жүргізетін қоғамдық бірлестіктерді тартады;
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгінеді;
– Денсаулық сақтау субъектісінде, жоғары тұрған органға және (немесе) заңды түрде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
18) мыналарды қоса алғанда өз денсаулығын сақтау және нығайту шараларын қабылдайды:
– профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы және толық (скринингтік зерттеулерден) өту;
– саламатты өмір салтын ұстану және ауыр салдарға (асқынуларға) әкеп соғатын ауруларды тудыратын немесе созылмалы ауруларды асқындыратын қауіпті факторлар болып табылатын зиянды әдеттерден бас тарту – артық дене салмағы, шылым, есірткі шегу, ішімдікті шектен тыс пайдалану, дене белсенділігінің төмендігі;
– дәрігер ұсынған диетаны, дене жүктемесінің, күн және демалыс режимін, және қаралу кезділігін сақтау;
– дәрілік заттарды қабылдау режимі мен оңалту іс-шаралары бойынша дәрігердің барлық қажетті талаптары мен ұғымдарын, оның ішінде қабылдау режимі мен уақытын мүлтіксіз орындау, емдеудің тиімділігін қамтамасыз ететін басқа да талаптар мен ұйғарымдарды орындау;
19) медициналық қызмет көрсеткенге дейін дәрігерге диагноз қоюға және ауруды емдеуге қажет болатын басынан өткерген сырқаттары, өзіне мәлім аллергиялық реакциялар, бұрын жүргізілген емдеулер мен оның нәтижелері туралы ақпарат береді;
20) медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша аурудың профилактикасы бойынша бейінді денсаулық мектептерінде, саламатты өмір салты кабинеттерінде оқудан өтеді;
21) медицина қызметкерлері туралы уақтылы ақпарат береді:
– диагностикалау және емдеу үрдісінде өз денсаулығы жағдайының өзгеруі;
– айналасындағыларға қауіп төндретін аурулардың туындауы, не болмаса олардың болуына күдіктенген жағдайларда;
– қандай да бір дәрілік затқа төзбеушілік немесе аллергиялық реакцияларының болуы, ішімдікті шектен тыс пайдалану және/немесе есірткі препараттарына құмарлық, шылым шегу және өзге де мәліметтер туралы;
– басқа дәрілік заттарды қабылдайтындығы туралы;
– дәрілік заттардың үй жағдайында сақталатындығы және қабылдап жүрген дәрілердің жарамдылық мерзімі туралы уақтылы ақпарат береді;
22) осы шарттың талаптарын бұлжытпай орындайды, Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының тағайындаулары мен ұсынымдарын нақты орындайды және Пациенттің осы шартты орындауына кедергі келтіретін кез келген жағдайлар туралы Денсаулық сақтау субъектісіне уақтылы ақпарат береді;
23) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-қимыл жасамайды;
24) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста болғанда құрмет пен әдептілік көрсетеді;
25) ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтайды және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарайды, медициналық көмек алған кезде медицина персоналымен ынтымақтастықта болады;
26) медициналық ұйымға келіп түскен/жүгінген кезде өзінің жеке басының куәлігін немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.
17. Денсаулық сақтау субъектісі Пациенттің медициналық көмекке жүгіну фактісі туралы ақпаратты, оның денсаулығы жағдайы, ауруының диагнозы және оны зерттеп-қарау және емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтерді құпия (дәрігерлік құпия) сақтайды.
18. Пациенттің немесе оның өкілінің жазбаша келісімімен дәрігерлік құпиядан тұратын мәліметтерді басқа адамдарға, оның ішінде Пациентті зерттеп-қарауға және емдеуге мүдделі лауазымдық адамдарға беруге рұқсат етіледі.
19. Денсаулық сақтау субъектісі Пациенттің дербес деректерін жинау мен өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық қағидалары сақтала отырып жүзеге асырылатындығына кепілдік береді.
20. Пациентті зерттеп-қарау және емдеу мақсатында жағдайына байланысты өзінің еркін білдіре алмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайларда Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз дәрігерлік құпия болып табылатын мәліметтерді беруге рұқсат етіледі.
20. Осы шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер тараптардың оларды сотқа дейін наразылық тәртібінде реттеу жөніндегі шаралар қабылдауы арқылы шешіледі. Екінші тарап жазбаша наразылыққа оны алғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде шешеді.
21. Келісімге келе алмаған жағдайда тараптар арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаралатын болады.
6. Шарттың әрекет ету мерзімі мен оны тоқтату тәртібі
– Денсаулық сақтау субъектісі таратылған жағдайда;
– Пациент қайтыс болған жағдайда;
– тараптардың жазбаша нысандағы келісім бойынша (есептен/тізімнен шығару);
– Денсаулық сақтау субьектісі медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын жоғалтқан жағдайда бұзылды деп есептеледі.
23. Осы шартта көзделмеген мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
24. Осы шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалды. Бір данасы Пациентте, екіншісі – Денсаулық сақтау субъектісінде болады.
25. Тараптар мекенжайлары мен реквизиттері өзгергендігі туралы бір-бірін тездетіп хабарлауды міндеттенеді.
Денсаулық сақтау субъектісі Пациент
________________________ ____________________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК