Шетелдіктерді докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
Шетел азаматтарын UMC докторантурасына ақылы негізде қабылдау қабылдау комиссиясы жүргізетін сұхбаттасу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын оқуға қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүргізіледі.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес тұлғаларды оқуға қабылданғаннан кейін 1 (бір) академиялық оқу кезеңі ішінде білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді. Шет тіліндегі құжаттар қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге ұсынылуы тиіс.