Cеріктестер | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Cеріктестер

UMC ынтымақтастық бағыттары туралы ақпарат

UMC шетелдік және отандық серіктестермен белсенді ынтымақтастық орнатуда.  

Серіктестер қатарында жетекші шетелдік университеттер, клиникалар, медициналық жабдық өндірушілері, сондай-ақ отандық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтар, денсаулық сақтау саласындағы басқару органдары және өңірлік клиникалар бар.

Ынтымақтастық келесі бағыттарды:

  • Білім беру және кәсіби даярлау;
  • ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет;
  • заманауи медициналық технологиялар мен жабдықтарды енгізу;
  • клиникалық зерттеулер және пациенттерді тарту;
  • қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларды қамтиды.

Серіктестік келісімдер шеңберінде клиникалық тәжірибелер, тағылымдамалар және тәжірибе алмасу бағдарламалары жүзеге асырылады, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары жүргізіледі. AI жүйелері мен инновациялық медициналық жабдықтарды тестілеуді қоса алғанда, жаңа әзірлемелер енгізілуде. Сонымен қатар ұйымдастырушылық және әлеуметтік қолдауға бағытталған бір реттік іс-шаралар мен бастамалар да жүзеге асырылуда.

2025 жылғы (2025 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша) UMC-де 38 ынтымақтастық меморандумы жұмыс істейді, оның ішінде 13-і халықаралық серіктестік шеңберінде шетелдік жоғарғы оқу орындарымен жасалған.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелдік жоғарғы оқу орындарының тізбесі

1) Ювяскюля қолданбалы ғылымдар университеті (JAMK), Финляндия

2) Ospedale Pediatrico Bambino Gesu, Италия

3) Siemens Healthcare GmbH, Мюнхен, Германия

4) Zhongshan Hospital Fudan University, Қытай

5) Norxin International Science And Techology Cooperation Base, Қытай

6) National Center for Child Health and Development, Жапония

7) Кардиология ҒЗИ, Әзірбайжан

8) “Татарстан Республикасы ДСМ Балалар республикалық ауруханасы” МДДСМ, Қазан қ., Татарстан

9) «Академик Б. В. Петровский атындағы Ресей хирургия ғылыми орталығы» ФМБҒМ, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы

10) “Г. И. Турнер атындағы балалар травматологиясы мен ортопедиясы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы” ФМБҒМ, Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы

11) Noanix Корпорациясы, Корея

12) Beam Works Inc, Корея

13) «Meril Life Sciences Pvt.Ltd.”, Үндістан

2024 жылғы UMC шетелдікжәнеотандықсеріктестерменынтымақтастығытуралыақпарат

Біздің серіктестеріміз

Назарбаев Университеті (НУ)
Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSOM)
University of Pittsburgh Medical Center