Детальная страница отделения | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Отделение

Центр клинической реабилитации

Описание

Орталықта келесі бөлімшелер мен мамандар жұмыс істейді: қабылдау бөлмесі секторы, 6 психоневрологиялық бөлім, невролог дәрігерлер, еңбек терапевтері (эрготерапевтер), диетолог дәрігері және диеталық мейіргер, балалар психиатр дәрігері, клиникалық фармаколог дәрігер.
Орталыққа кіретін бөлімдер пациенттердің жасы мен аурулары бойынша ерекшеленеді:
№1 психоневрологиялық бөлім Бөбек (1-3 жас) – БСА, СТДК, невроздар, басынан өткерген нейроинфекцияның салдары, нейрожарақат, перифериялық нерв жүйесінің аурулары, ерте аутизм, Даун ауруы, кохлеарлық имплантациядан кейінгі жағдай
№2 психоневрологиялық бөлім Қадам (2 – 4 жас) – жүйке жүйесі аурулары
№3 психоневрологиялық бөлім Болашақ (3 – 6 жас) – неврологиялық патологиялар
№4 психоневрологиялық бөлім Ақжол (8 – 11 жас) – БСА, невроздар, басынан өткерген нейроинфекцияның салдары, нейрожарақат, перифериялық нерв жүйесінің аурулары
№5 психоневрологиялық бөлім Балбұлақ (11 – 18 жас) – БСА, невроздар, басынан өткерген нейроинфекцияның салдары, нейрожарақат, перифериялық нерв жүйесінің аурулары
№6 психоневрологиялық бөлім Қамқор (8 – 11 жас) – БСА, СТДК, невроздар, басынан өткерген нейроинфекцияның салдары, нейрожарақат, перифериялық нерв жүйесінің аурулары, ерте аутизм, Даун ауруы, кохлеарлық имплантациядан кейінгі жағдай

Медицинские технологии

1. Санитарлық торап және мейіргерді шақыру батырмасы бар мамандандырылған 1 және 2 адамдық палаталар;
2. Ботулинотерапия жүргізу мүмкіндігі бар емшара кабинеті;
3. Айналары, бөренелері және т. б. жабдықталған емдік дене шынықтыру залы;
4. Түзету педагогтарының кабинеттері: логопед, психолог, дефектолог, еңбек терапеві (эрготерапевт), ойын терапеві, музыкотерапевт;
5. Сенсорлық бөлме ;
6. «Айна терапиясы» әдістері;
7. Сенсорлық интеграция әдістері;
8. Шайнау және жұтыну актісін түзету әдістері;
9. Перфетти әдісі бойынша когнитивті-қимылдық оңалту;
10. Механотерапия

Дополнительная информация

1-17 жастағы балаларды квота бойынша оңалту, сондай-ақ ақылы негізде балалар мен ересектерге арналған оңалту және қызметтер

Запись на кт/мрт