АҚПАРАТТЫҚ- РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1.1. «University Medical Center» корпоративтік қоырның (бұдан әрі- «UMC» КҚ) Ақпараттық- ресурстық орталығын (бұдан әрі- АРО) пайдаланудың осы қағидалары оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі мен қағидаларын, АРО- ның және оның пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
1.2. АРО- ның негізгі міндеті – Қордың оқу және ғылыми қызметін кітапханалық, ақпараттық- библиографиялық жағынан қамтамасыз ету.
1.3. Кітапхана қорлары Қорға тиесілі болып табылады және қоғамдық пайдалануға осы қағидаларға сәйкес беріледі.
2. АРО пайдаланушылары мен олардың құқықтары
2.1. АРО- ның абонементі мен оқу залын пайдалану құқығы Қордың барлық қызметкерлеріне, резидентура студенттеріне, ҚР өңірлерінен келген медициналық қызметкерлерінің тағылымдамадан өтушілеріне, біліктілікті арттыру және қайта даярлау циклындағы курсанттарына беріледі.
2.2. Қор базасындағы конференциялар, мастер- кластар және ғылыми іс-шаралардың қатысушыларына оқу залын пайдалану құқығы осы іс-шараларға олардың қатысуын растайтын құжаттар негізінде беріледі.
2.3. АРО пайдаланушылары:
– негізгі кітапханалық және ақпараттық қызмет түрлерін тегін пайдалануға;
– абонементтерден басылымдар мен басқа да құжаттарды алуға;
– оқу залында уақытша пайдалану үшін АРО қорларынан кез келген құжаттарды алу;
– ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда кеңестік көмек алуға;
– компьютерлік техниканы пайдалануға;
– АРО- ның қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;
– оқу және ғылыми қызмет үшін қажетті материалдарды сканерлеу және көшіруге;
– пайдаланушының тікелей қызметіне қатысты электрондық материалдар мен кітаптарды пайдаланушыларға арналған ноутбуктерде сақтауға;
– электрондық каталогтармен, ғылыми толық мәтінді дерекқорымен және басқа электрондық қызметтермен дербес жұмыс істеуді үйрететін арнайы тренингтерге қатысуға құқылы.
3. Пайдаланушылардың жауапкершілігі
3.1. Пайдаланушылар:
1. осы Қағидаларды ұстануға;
2. құжаттарға, жабдыққа, жиһазға және басқа материалдық құндылықтарға мұқият болуға;
3. құжаттарды белгіленген мерзімде қайтаруға;
4. егер құжаттар мен кітаптар шығарылуға рұқсат етілмеген немесе пайдаланушы формулярларына тіркелмеген болса, оларды бөлмеден алып кетпеуге;
5. оқу залынан ақпарат тасымалдағыш түріне қарамастан құжаттарды, сондай-ақ Қоғамға тиесілі техникалық құралдар мен оның жиынтығын АРО қызметкерінің пайдаланушы формулярына қоятын белгісінсіз алып кетпеуге;
6. құжаттарға, кітаптарда, журналдарға белгі қоюға, астын сызуға жол бермеуге; парақтарын жыртып алмауға, бүктемеуге, штрих-кодтарды, магниттік маркерлерді және т.б. жұлып тастамауға;
7. ашық қолжетімді қордағы құжаттардың орналасуын бұзбауғе, сонымен қатар Интернет-бетбелгілерінің тәртібі мен орналасуын сақтауға;
8. оқу залына кіргенде ұялы телефондарды дыбыссыз режимге қоюға;
9. каталогтар мен картотекалардан карточкаларды шығарып тастауға;
10. техникалық құралдарды пайдалану ережелерін сақтауға;
11. қоғамдық тәртіпті, тыныштықты және тазалықты сақтауға;
12. сыртқы киіммен бөлмеге кірмеуге;
13. тағамдар мен сусындарды (тығыны бар бұтылкадағы суды есептемегенде) алып кірмеуге,;
14. АРО кіреберісінде заттарды қалдырып кетпеуге;
15. құжаттар және/немесе техникалық құралдарды алған кезде оларды мұқият тексеріп, қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда ол туралы қызметкерге хабарлауға. Олай жасалмаса, құжаттар және/немесе техникалық құралдарды бүлдіргені үшін жауапкершілік оларды соңғы болып пайдаланған пайдаланушыға жүктеледі;
16. Қоғамнан жұмыстан босатылған уақытта, есептен шығарылғанда немесе ұзақ мерзімге кету кезінде (іссапар, академиялық демалыс және т.б.) қолданушы өзінде тіркелген барлық құжаттарды қайтаруға міндетті, ал есептен шығарылған немесе жұмыстан босатылған жағдайда – кету парағына (обходной лист) қол қойдыруы қажет;
- басқалар үшін орындарды алдын ала ұстап қоюға немесе кітаптарды сақтап қоюға тыйым салынады;
- өзінің байланыс деректерін өзгерткен кезде мамандарға хабарлауға;
- кіру кезінде «Оқу залындағы келушілерді тіркеу журналына» тіркелуге;
- құжаттар немесе техникалық құралдардың жоғалуына/бүлінуіне жауапты пайдаланушылар оларды АРО тарапынан теңестірілген құжаттар немесе техникалық құралдармен алмастыруға;
- жоғалған немесе бүлінген кітаптар, басқа баспа өнімдері және өзге материалдарды алмастыру мүмкін болмаған жағдайда, пайдаланушы олардың он еселенген құнын өтеуге міндетті.
- АРО міндеттері
4.1. пайдаланушыларға
«Ақпараттық-ресурстық орталық қағидары» және Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызмет көрсету;
4.2. пайдаланушыларға ұсынатын барлық қызмет түрлері туралы хабардар ету;
4.3. пайдаланушыларға кітапхана қоры мен ақпаратқа еркін қол жеткізуді
қамтамасыз ету;
4.4. қазіргі заманғы техника мен технологияларды пайдалана отырып, оқырмандарға
кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетуді жетілдіру;
4.5. пайдаланушыларға ыңғайлы жұмыс жағдайларын құру және қолдау;
4.6. қорлардың сақталуын қамтамасыз ету;
4.7. пайдаланушыларға берілген құжаттардың уақытында қайтарылуын қадағалау;
4.8. қорларды қалыптастыру және пайдалану бойынша өзінің қызметі туралы пайдаланушыларға
ақпарат беру;
4.9. өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау.
- АРО құқықтары
5.1. АРО пайдалану қағидаларына
өзгерістер енгізуге келісім алу және Басқарма төрағасының бұйрығымен бекіту;
5.2. пайдаланушылардың АРО-ға келтірген залалды өтеу түрлері мен мөлшерін
анықтау, соның ішінде жоғалған басылым орнына оқырман ұсынған алмастырудың
теңдестірілуін бағалау;
5.3. ерекше бағалы және сирек құжаттарды пайдалуға шектеулер енгізу;
5.4. әдебиеттерді беру мерзімдерін белгілеу, басылымдардың санын анықтау;
5.5. оқырмандардан осы Қағидаларды орындауды талап ету.
6. АРО – дағы қызмет көрсету тәртібі
6.1. оқу әдебиеттері пайдаланушының өтінімі бойынша беріледі, ол кітаптың авторын және атауын дұрыс көрсетуі тиіс. Оқу әдебиеттерін алған кезде пайдаланушы оқырман формулярына қол қояды;
6.2. барлық оқу-әдістемелік және
басқа медициналық әдебиеттер күнтізбелік 14 күнге беріледі және 3 данадан
аспайды;
6.3. көркем әдебиет 2 айға дейінгі мерзімге беріледі;
6.4. ғылыми және көркем әдебиеттерді пайдалану мерзімі, егер олардың жеткілікті саны бар болса және/немесе басқа пайдаланушылар тарапынан сұраныс жоқ болса, оларды ұсынған жағдайда 2 аптаға ұзартылуы мүмкін;
6.5. залдағы барлық әдебиет ашық қолжетімді
болады және пайдаланушы өзі сөреден қажетті құжаттарды таңдайды;
6.6. сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының құжаттары, бағалы құжаттар, жалғыз
және соңғы даналар үйге берілмейді;
6.7. құжаттармен жұмысты аяқтаған соң
оқырман оларды зал қызметкеріне қайтарады;
6.8. құжаттарды алған кезде пайдаланушы оларды мұқият тексеруі керек және қандай да бір ақау табылған жағдайда ол туралы маманға хабарлауы тиіс, маман формулярға тиісті ескертулер енгізуге міндетті. Олай жасалмаса, құжаттарды бүлдіргені үшін жауапкершілік оларды соңғы болып пайдаланған пайдаланушыға жүктеледі;
6.9. кітапхана материалдарын үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады;
6.10.компьютерлер ақпарат іздеу үшін, негізінен оқу және ғылыми мақсаттарда пайдаланылады;
6.11. пайдаланушыларға оқу залдарына ноутбуктар, құлаққаптар, оптикалық дискілер, USB тасымалдағыштар әкелуге, егер олардың мазмұны оқу немесе кәсіби қызметпен тікелей байланысты болса рұқсат етіледі;
6.12. баспадағы мерзімді басылымдар (соңғы екі саннан бұрынғы шығарылым) тұрақты пайдаланушыларға 3 күнге берілуі мүмкін;
6.13. құжаттарды, кітаптарды, мақалаларды, дерекқордан ақпаратты және АРО-ның баспа немесе электрондық қорларына қатысты кез келген басқа ақпаратты көшіріп алу Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жазылымдық электрондық дерекқорларға қол жеткізу және оларды пайдалану электрондық ақпарат иелерімен жасалған келісімдер нәтижесінде жүзеге асырылады және белгілі бір шектеулерге әкеледі. Осы ресурстардың барлық пайдаланушылары электрондық тасымалдағыштарда сақталуы мүмкін ақпаратты жүктеу және көшіру мәселелеріндегі шектеулерді ескеруі керек. Электрондық көздерден ақпаратты коммерциялық мақсатта көшіріп алуға тыйым салынады;
6.14. баспа ақпаратын тасымалдағыштарға (алып- салмалы USB-жады, CD/DVD, цифрлық камералар және т.б.) көшіріп алуға тек оқу және ғылыми жұмысқа жеткілікті мөлшерде, Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңнамасын бұзбай жасауға рұқсат етіледі.