Резидентураға қабылдау
Резидентура-клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны.
Резидентураға “дәрігер” біліктілігін көрсететін құжаты бар адамдар қабылданады.
Мамандыққа және алдыңғы даярлыққа байланысты резидентураның білім беру бағдарламасын игеру ұзақтығы 2-4 жылды құрайды.
Резидентураның білім беру бағдарламалары және оқу мерзімдері:
Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) – 2 жыл
Балалар хирургиясы – 3 жыл
Медицинская генетика – 2 жыл
Неврология (ересектер, балалар) – 2 жыл
Неонатология – 2 жыл
Нефрология (ересектер, балалар) – 2 жыл
Жалпы хирургия – 3 жыл
Балалар онкологиясы және гематологиясы – 2 жыл
Оториноларингология (ересектер, балалар) – 3 года
Офтальмология (ересектер, балалар) – 3 жыл
Патологиялық анатомия – 2 жыл
Радиология – 2 жыл
Ревматология (ересектер, балалар) – 2 жыл
Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) – 3 жыл
Урология және андрология (ересектер, балалар) – 3 жыл
Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектер, балалар)– 3 жыл
Эндокринология (ересектер, балалар) – 2 жыл.
Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша резидентураға құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Керей-Жәнібек хандар көшесі 5/1, 803/5 кабинет.
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) – 3 жыл
Кардиология (ересектер, балалар) – 3 жыл
Кардиохирургия (ересектер, балалар) – 4 жыл
Радиология – 2 жыл
Жоғарыда аталған төрт мамандық бойынша резидентураға құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 38, Open space, Блок А.
Резидентураға түсушілерге қойылатын талаптар
1.1 Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуға құқық беріледі, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алса.
1.2 Шетелдік азаматтарды резидентурада ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде “UMC” КҚ қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетелдік азаматтарды қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде жоғары оқу орнынан кейінгі тегін білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.
1.3 Бюджет қаражаты есебінен оқыту үшін “UMC” КҚ резидентурасына қабылданатын адамдардың саны Денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган жыл сайын конкурстық негізде орналастыратын мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде айқындалады.
1.4 Резидентураға түсетін адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушының өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.
1.5 “UMC” КҚ резидентурасына түсетін өтініштерді қабылдау жыл сайын 3-25 шілде аралығында жүргізіледі. Резидентураға түсу емтихандары жыл сайын 8-16 тамыз аралығында, қабылдау – 28 тамызға дейін жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз (Дс.- Жм., сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін ): +7 (7172) 69-25-13, 69-26-39, 69-25-26, 70-31-14
Резидентураға қабылдау тәртібі
2.1 Резидентураға “дәрігер” біліктілігін беру туралы құжаты бар адамдар қабылданады.
2.2 Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.
2.3 “UMC” КҚ резидентурасына түсетін тұлғалар келесі құжаттарды тапсырады:
1) “UMC” ҚҚ басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның атына өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына берген кезде), “дәрігер” біліктілігі берілген көшірме (ақпараттық жүйе арқылы берген кезде). Шетелде медициналық білім алған тұлғалар өздерінің білімін тану туралы және (немесе) “дәрігер” біліктілігін беру туралы құжатты ұсынады. Қабылдау кезінде жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және (немесе) білімін тану, “дәрігер” біліктілігін беру туралы құжат қабылдау комиссиясына тапсырылады;
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда)(түпнұсқа);
4) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты немесе сертификаты туралы мәліметтер (шет мемлекет берген құжаттардың көшірмесі);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) ағылшын тілі бағдарламалары бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (TOEFL немесе IELTS):
International English Language Tests System Academic (IELTS Academic), шекті балл – кемінде 5.0;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT), шекті балл – кемінде 46 балл;
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT), шекті балл – кемінде 453;
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), шекті балл – кемінде 460;
7) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (фотосуретпен толтырылған, кеңсе дүкендерінде бар);
8) еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмысқа орналастырылған адамдар үшін);
9) неке туралы куәліктің көшірмесі (тегі өзгерген жағдайда);
10) 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген)(түпнұсқа);
11) өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;
12) ұйымның басшысынан/деканнан соңғы жұмыс/оқу орнынан ұсыным хат (бар болса);
13) ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі (бар болса)
14) оқу шығындарының төленуіне кепілдік беретін хат (заңды тұлғалардың қаражаты есебінен түсетін тұлғалар үшін);
15) сотталмағандығы туралы анықтама;
16) әскери билеттің көшірмесі (https://www.gov.kz/situations/104/318?lang=ru);
17) байланыстырғыш (пластик), 10 файл, пошта конверті (қабылдау кезінде).
2.4 2.3-тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
2.5 Барлық құжаттар байланыстырғышқа тігіледі, парақтар нөмірленеді және құжаттар тізімдемесіне енгізіледі. Титул парағында мыналар болуы керек:
– үміткердің аты-жөні (толық);
– мамандығы;
– үй мекенжайы, аймақ коды, телефон, ұялы телефон, электрондық мекенжай;
– түскен жылы.
2.6 Резидентураға құжаттарды қабылдау кезінде тиісті резидентура бағдарламасын игеру үшін қажетті пререквизиттердің болуына түсушінің интернатурасын бітіргені туралы куәліктің қосымшасына тексеру жүргізіледі.
2.7 Қажетті пререквизиттер болмаған жағдайда түсушіге оларды ақылы негізде игеруге рұқсат етіледі.
2.8 Резидентураның тиісті білім беру бағдарламасын игеру үшін қажетті пререквизиттер тізбесін “UMC” КҚ дербес айқындайды.
2.9 Резидентурада бейіндік пәндер бойынша оқыту үміткер пререквизиттерді толық игергеннен кейін басталады.
2.10 “UMC” КҚ резидентурасына түсу емтихандарына интернатура бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау үшін 3,33 балдан төмен емес және үлгерімнің орташа балы үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,0-ден төмен емес бағалары бар тұлғалар жіберіледі.
Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
3.1. Резидентураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының (мамандығының) бейіні бойынша түсу емтиханын тапсырады, оны “UMC” КҚ өз бетінше өткізеді.
3.2. Мамандық бойынша түсу емтиханын “UMC” КҚ өз бетінше өткізеді. Бұл ретте оқуға түсушілер мамандық бойынша түсу емтиханын тек “UMC”КҚ тапсырады.
3.3. Түсу емтихандарын “UMC” КҚ өткізу кестесіне сәйкес түсушінің кәсіби құзыреттілігін анықтауға стандартталған әңгімелесу түрінде өткізеді.
3.4. Түсу емтихандары жоғары медициналық білім беру мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде қалыптастырылады.
3.5. Түсу емтихандарын оларды тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.
3.6. Емтихан комиссиясы түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурс негізінде әрбір үміткер бойынша шешім шығарады.
3.7. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген адамдардың өтініштерін қарау үшін апелляциялық комиссия құрылады.
3.8. Апелляцияға өтінішті резидентураға түсетін адам апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Өтініш түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қаралады.
3.9. Апелляциялық комиссия әр адаммен жеке жұмыс істейді. Адам апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Резидентураға қабылдау
4.1 “UMC” КҚ резидентурасына түсу емтиханының ең жоғары балын, бірақ 100 балдық бағалау шкаласы бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.
4.2 Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда резидентураға қабылдау кезінде дәрігерлік өтілі, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері бар тұлғалар басым құқық алады:
1) ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми басылымдарда;
2) ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер;
3) ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар;
4) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар және (немесе) дипломдар.
4.3 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен түсушілер 25 тамыздан кешіктірмей “UMC” КҚ-ға өтініш береді. Конкурс 4.1, 4.2-тармақтарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларының (мамандықтың) топтары бойынша түсу емтиханының балдарына сәйкес өткізіледі.
4.4.Қабылдау үшін сізге 2024 жылдың 25 тамызына дейін тізімге сәйкес құжаттардың барлық түпнұсқаларын ұсыну қажет:
1) “UMC” КҚ басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның атына өтініш;
2) қосымшалары бар жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы;
3-1) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) 2.3-тармақтың 5-тармақшасына сәйкес ағылшын тілі бағдарламалары (TOEFL, IELTS) бойынша тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі;
6) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (фотосуретпен толтырылған);
7) еңбек кітапшасының көшірмесі және түпнұсқасы (жұмысқа орналастырылған адамдар үшін) / еңбек өтілі жоқ адамдар үшін жаңа еңбек кітапшасы;
8) неке туралы куәліктің көшірмесі (тегі өзгерген жағдайда);
9) сәйкес 075/у медициналық анықтама;
10) өлшемі 3х4 сантиметр болатын алты фотосурет;
11) ұйымның басшысынан/деканнан соңғы жұмыс/ оқу орнынан ұсыным хат (бар болса);
12) ғылыми-зерттеу жұмыстарының тізімі (бар болса);
13) оқу шығындарының төленуіне кепілдік беретін хат (заңды тұлғалардың қаражаты есебінен түсетін тұлғалар үшін);
14) байланыстырғыш (пластик), 10 файл;
15) сотталмағандығы туралы анықтама;
16) әскери билеттің көшірмесі.
4.5 Жеке құжаттарды ұсынғаннан кейін 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қажет:
1) Бөлімшелерге рұқсат алу үшін дербес санитарлық кітапшаны ресімдеу қажет. Медициналық тексеруден өту үшін қажетті мамандар мен талдаулардың тізіміне мыналар кіреді:
Дәрігерлік тексеру:
1) Терапевт;
2) Флюорография (сурет, сипаттама) жылына 1 рет;
3) АИТВ-ға тексеру – жылына 1 рет;
4) В гепатиті екпелерінің болуы (үш реттік вакцинация);
5) Дерматовенеролог + әр 6 ай сайын мерезге тексеру (микрореакция);
6) Әрбір 6 ай сайын патогенді стафилококкты тасымалдауға тексеру;
7) Қоздырғыштарды: дизентерияны, сальмонеллезді, іш сүзегін, А және В паратифтерін әр 6 ай сайын тасымалдауға тексеру;
8) Әр 6 ай сайын гельминт жұмыртқасына тексеру;
9) Әрбір 6 ай сайын “В” вирустық гепатиті мен “С” вирустық гепатитінің маркерлеріне зерттеп-қарау. В гепатитіне қарсы вакцинация (бала емізетін және жүкті әйелдер үшін дәрігерден медициналық шағымдану туралы растайтын анықтаманы ұсыну қажет);
10) “Базалық реанимациялық көмек” (Basic Life Support) тренингінен өткені туралы сертификат ұсыну;
11) Стипендия алу үшін (мемлекеттік грант бойынша білім алушылар үшін) ҚР Халық Банкінен 20 таңбалы банктік шоттың болуы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсыну.