Балаларға МРТ жүргізу ерекшеліктері | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Біздің клиникада 5 жастан балаларға магниттік-резонанстық томография жасалады. Алайда, балаларда МРТ жүргізу мүмкіндігі баланың процедура кезінде тыныш, қозғалыссыз жату қабілетімен белгіленеді. Яғни МРТ кезінде (тексеру түріне байланысты 15-40 минут) бала толығымен қозғалыссыз жатуы керек, әйтпесе суреттер сапасыз болып шығады және диагностикалық мәні өте төмен болады.

Егер дәрігер МРТ жүргізуді ұсынса, онда сіз баламен сөйлесіп, оған процедураның ерекшеліктерін түсіндіруіңіз керек. Тексеру толығымен ауыртпай жүргізіледі, МРТ – жүргізу кезіндегі жалғыз қолайсыздық – бұл томографтың жұмыс істеп тұрған кезінде қатты дыбыстың шығуы және платформаның аппарат арқылы өтуі кезінде кушеткада қозғалыссыз жату қажеттілігі. Қолайсыздықты азайту үшін біз жас пациенттерімізге томографтың дыбысын басатын арнайы құлаққаптарды ұсынамыз.

МРТ жасамас бұрын, құрамында металл бар барлық заттарды, сағат, алқалар (цепочка), шаш қыстырғыштар және т. б. шешіп тастау керек. Сондай-ақ, баланы тексеруге алып келген кезде, металдан жасалған сыдырма ілгексіз (застежка),  түймелерсіз және иірім жіптерсіз киім кигізуге тырысыңыз. 

МРТ кезінде сіз балаңызбен бір бөлмеде бола аласыз (бірінші триместрдегі жүкті аналарға жұмыс істейтін томографтың жанында болу ұсынылмайды). Тексеру аяқталғаннан кейін кушетка томограф туннелінен шығады және сіз және сіздің балаңыз МРТ бөлмесінен шыға аласыз. Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды 30 минуттан кейін қолға беріледі.

Назар аударыңыз!

денесінде металл бөлшектері (хирургиялық клиптер немесе металл импланттар, сондай-ақ брекеттер, пирсингтер және т.б.) бар балаларға МРТ жасатуға қарсы көрсетілімдер бар, өйткені МРТ аппараты жұмыс жасап тұрған кезінде күшті магнит өрісін тудырады.

МРТ және КТ-дағы балалар:

– 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға жазу неврология бөлімшесінде жүргізіледі (зерттеу кезінде баланың қозғалмайтын қалпын сақтау үшін наркоздың (седация) қажеттілігіне байланысты). Бұл жағдайда балада келесі зерттеулер болуы керек: 

-ҚЖТ;

-НЖТ;

– гельминт жұм./ нәжіс (Кал на я / глист);

– Эпид. орта туралы анықтама (берілген күннен бастап 3 күн ішінде жарамды);

– Қанның биохимиялық талдауы (СРБ, АЛТ, АСТ, билирубин, ревматоидты фактор, мочевина, креатинин)

– ЭКГ, аталған зерттеулер тізбесі болмаған жағдайда, пациент біздің Орталықта аталғандардың бәрінен өте алады.

Запись на кт/мрт