- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуіне;
- медициналық ұйымды, сапалы және уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға;
- диагностика, емдеу және күтім процесінде лайықты емделуіне, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;
- қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке;
- отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің қолдауына;
- медициналық технологиялардың қолда бар деңгейінің қаншалықты мүмкіндігі болса, сондай шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;
- өз денсаулығының жай-күйі, тексеру нәтижелері, профилактика, диагностика және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
- мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер мен денсаулыққа әсер ететін факторлары туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;
- өз денсаулығының жай-күйі туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
- өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен көрсетілімдер болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алуға;
- айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын, психикасының ауыр бұзылулары бар пациенттердің өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін (есеңгіреу жағдайы, коматоздық жай-күй) жай-күйін қоспағанда, медициналық көмек алудан бас тартуға;
- «UMC» КҚ клиникалық базасында жүзеге асырылатын оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық рәсімдерді жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға;
- ерекше айтылған жағдайлардан басқа, дәрігерлік құпияны құрайтын құпия мәліметтерді жария етпеуге;
- еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы бере отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыруға;
- көрсетілетін ақылы қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға.
- медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге;
- медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
- мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы өтініш білдіруге құқығы бар.
Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;
- әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары:
- өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға;
- өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
- медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын және режимін сақтауға, мүлкіне ұқыпты қарауға, медицина персоналымен ынтымақтастықта болуға;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтуге;
- медицина қызметкерлерінің жеке және қоғамдық денсаулығына қатысты нұсқамаларын орындауға;
- өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы хабардар етуге.
- медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен әдептілік танытуға;
- дәрігерге ауруды диагностикалау және емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты хабарлауға.
- медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
- диагностикалау және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда өз денсаулығы жай-күйінің өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;
- басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға міндетті.
- «UMC» КҚ аумағында төмендегілерге тыйым салынады:
- спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық және уытты заттарды пайдалануға;
- алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде келуіне;
- темегі шегуге, сондай-ақ ашық отты пайдалануына;
- «UMC» КҚ ғимаратында сыртқы киімде, екінші (ауыстыратын) аяқ киімсіз (бахил) жүруге;
- палаталарға сыртқы киім мен аяқ киімді кіргізуге және сақтауға;
- басқа палаталарда, бокстарда және бөлімшелерде еркін жүруге.
- дауыстап сөйлеуге, шу шығаруға;
- дәрігердің қабылдауында болған кезде, процедураларды, манипуляцияларды, тексерулерді жүргізу кезінде мобильді телефонмен пайдалануға;
- қоқысты, қалдықтарды көрінген жерге тастауға;
- жылыту жүйесінің құрылғыларын өз еркімен реттеуге;
- қосылған электр құралдарын қараусыз қалдыруға;
- тұрмыстық электр қазандықтарын пайдалануға;
- жеке заттарын қараусыз қалдыруға (құжаттар, ақша, алтын әшекейлер, ұялы телефондар және т. б.);
- қызметтік көліктің қозғалысына кедергі келтіретін «UMC» КҚ аумағына жеке автокөлікті кіргізуге және қалдыруға.
- «UMC» КҚ пайдалануға рұқсат етілген тізімге кірмейтін өнімдер мен сусындарды әкелуге және тамаққа пайдалануға, тамақ өнімдерін жеткізу қызметінің қызметтерін пайдалануға;
- емдеуші дәрігердің немесе бөлімше меңгерушісінің рұқсатынсыз белгіленген тәртіпті бұза отырып, бөлімшеден өз бетінше кетуге;
- «UMC» КҚ аумағында пиротехникалық құралдарды (петардалар, отшашулар, шартылдақтар) қолдануға;
- атыс және суық қаруды, химиялық және жарылғыш заттарды және келушіде болуы не оларды қолдану (пайдалану) айналадағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін өзге де заттар мен құралдарды алып жүруге;
- өзімен бірге ірі габаритті заттардың болуына (оның ішінде шаруашылық сөмкелер, туристік рюкзактар, киім-кешек қаптары, чемодандар және т. б.);
- «UMC» КҚ өткізілетін іс-шараларды фотоға түсіруге, аудио-, бейнежазбаға, аудио-, бейне- және радиотрансляциялауға «UMC» КҚ басшылығының рұқсатымен ғана жол беріледі.