АБҰҒО-ға емдеуге жатқызу ережелері | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Пациентке тәулік бойы медициналық бақылау жүргізе отырып, білікті, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызудың көрсетілімі болып табылады.

Пациенттерді АБҰҒО-на емдеуге жатқызу АБҰҒО көрсететін медициналық қызметтер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

ТМККК шеңберінде пациентті стационарға емдеуге жатқызу жоспарлы түрде – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (емхана) немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүргізіледі.

Стационарға емдеуге жатқызу кезінде пациентте:

* жеке басын куәландыратын құжат;

* медициналық ұйымнан жолдама/үзінді көшірме;

* жоспарлы емдеуге жатқызу талоны (Емдеуге жатқызу бюросы порталы);

* зертханалық (10 күнтізбелік күн ішінде жарамды), аспаптық зерттеулердің нәтижелері (1 айдан кеш емес) болуы керек. Олар болмаған жағдайда қажетті зерттеулер «UMC» КҚ АБҰҒО-да жүргізілетін болады.

Стационарға емдеуге жатқызу кезінде пациентте және бірге алып жүретін адамда (күтім бойынша):

* Талдау алынған сәттен бастап 5 күннен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест болуы тиіс.

 

Егер емдеу үшін ақы мемлекеттік бюджеттен немесе жеке көздерден төленбесе, пациенттер мен олардың отбасыларына шешім қабылдау үшін болжамды емдеуге, күтілетін нәтижелерге және күтілетін емдеу құнына қатысты ақпарат беріледі.

3 жасқа дейінгі балаға, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтімді қажет ететін ауыр науқас балаға күтім жасайтын адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, баламен бірге медициналық ұйымда болу мүмкіндігі беріледі.

3 жастан асқан балаға күтім жасайтын адамды ауруханаға жатқызу және 1 жастан асқан балалардың аналарын тамақтандыру (ата-аналарының қалауы бойынша) ақылы негізде жүргізіледі.

Ауруханаға жатқызудан бас тарту себептері:

* пациенттің деректерін порталға енгізу кезіндегі қате жазба;

* тексерудің ең минималды көлемін жүргізбеу;

* бейінді емес пациент;

* емдеуге жатқызу кезінде жоспарлы емдеуге жатқызуға медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

* стационарлық емдеу үшін көрсетілімдердің болмауы;

* емдеуге жатқызудың жоспарланған күнінен кейін 5 күн ішінде пациенттің емдеуге жатқызуға келмеуі;

* пациенттің / заңды өкілінің ауруханаға жатқызудан жазбаша бас тартуы

Запись на кт/мрт