Хамзина
Нургуль Калиевна
Медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры
Басқарма Төрағасының Орынбасары - Басқарма мүшесі
Қазіргі қызметіне кіріскенге дейін С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры- ректордың м.а. лауазымдарын атқарған.
Осыған дейін, 9 жыл бойы, негізгі міндеттері медициналық білім және ғылым саласында стратегиялық құжаттарды әзірлеу, ҚР-ның медициналық білімі мен ғылымы жөніндегі ұйымдарының қызметін үйлестіру, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, ДДСҰ, Америка халықаралық денсаулық сақтау одағының, Медицина мәселелері жөніндегі Британия кеңесінің жобаларына қатысу болып саналатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры болды.
Медициналық білім және ғылымы реформасы бөлімі бойынша ҚР денсаулық сақтау секторында институционалдық реформаны өткізу және технологияларды табыстау, сонымен бірге Республикалық медициналық білім мен ғылымының инновациялық технологиялары орталығын құру бойынша Дүниежүзілік банкі жобасының үйлестірушісі және бастамашысы.
3 салалық тұжырымдаманы әзірлеуші – ҚР- ның медициналық білімін реформалау – 2006-2010, ҚР-ның медициналық білімін дамыту – 2011-2015, ҚР – ның медициналық ғылымын дамыту – 2007-2012.
Сонымен бірге Астана Медицина университетінде аспирант, ассистент, доцент, профессор, патофизиология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
120 – ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы, 7 медицина ғылымдарының кандидаты мен 1 докторының ғылыми жетекшісі.
Мемлекеттік және ведомстволық марапаттардың иегері.
Запись на кт/мрт