16 қазан күні Өзбекстанның Ташкент қаласында Қазақстан медицинасы күндері өз мәресіне жетті. Бұл ауқымды шара екі елдің жетекші медицина мамандарын біріктірді.
«Қазақстан – Өзбекстан: денсаулық сақтау, технология және кадрлар саласындағы ынтымақтастық» форумы тәжірибе алмасуға және әріптестікті нығайтуға арналған алаңға айналды.
Жаңа келісімдер мен зерттеулер
UMC және Өзбекстанның Республикалық кардиология орталығы атеросклероз бойынша бірлескен зерттеу жүргізу туралы меморандумға қол қойды — бұл Орталық Азиядағы алғашқы жоба.
Сондай-ақ, UMC мен «Ezgu Niyat» клиникасы білім беру бағдарламаларын дамыту саласындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
Шеберлік сағаттар мен тәжірибе алмасу
UMC мамандары Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Нүкіс қалаларында дәрістер, семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізді.
300-ден астам қатысушы дәрістерге қатысты, 40-қа жуық пациентке кеңес пен көмек көрсетілді.
3 жасөспірімге балалар гинекологиясы бойынша және 2 науқасқа TAVI — аорталық қақпақты транскатетерлік имплантациялау операциясы жасалды.
UMC Жүрек орталығының кардиохирургтары жүрек ауруларын емдеудегі заманауи жаңашылдықтармен бөлісті.
Жүрекке жылу сыйлаған оқиға
Ауыр жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын өзбекстандық пациент 2025 жылдың тамыз айында UMC Жүрек орталығында ем қабылдады. Оған жасанды қан айналымы жүйесі имплантацияланды.
Реабилитациядан кейін ол өмірге жаңа серпінмен оралып, осы форум аясында өз емдеуші дәрігері Наиль Хисамутдиновпен қайта жолығып, тексеруден өтті.
Болашаққа бағдар
Профессор Юрий Пя UMC жетістіктерін таныстырды. Соның ішінде өзекті мәселе – трансплантологияны дамыту мақсатында Орталық Азиялық желіні құруды ұсынды. Бұл екі елдің күшін біріктіріп, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Қазақстан медицинасы күндерінің қорытындысы: ғылымды, тәжірибені және инновацияны біріктіре отырып – екі ел азаматтарының денсаулығын нығайтып, өмір сапасын жақсартуға талпыныс береді.


