Артрит күні: білім, қолдау, қарым-қатынас | Корпоративный фонд "University Medical Center"

UMC Ана мен бала орталығында Бүкіләлемдік артритпен күрес күніне орай «Артрит күні: білім, қолдау, қарым-қатынас» атты іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – буын аурулары туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, педиатриялық және ересектер ревматологиясы арасындағы сабақтастықты нығайту, сондай-ақ түрлі бағыттағы дәрігерлерді, науқастар мен олардың отбасыларын біріктіру болды.

Іс-шараға ревматологтар, терапевтер, радиологтар, физиотерапевтер, психологтар және мейірбикелерді қоса алғанда, 150-ден астам маман қатысты.

UMC-дің жетекші мамандары – медицина ғылымдарының докторы Ернас Тулеутаев, медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Иванова-Разумова, сонымен қатар ревматолог-дәрігерлер Асылбекова М.К., Айтжанова Р.М. және Мукушева З.С. баяндама жасап, шеберлік сабақтарын өткізді.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын ювенильді идиопатиялық және ревматоидты артритті емдеудің заманауи тәсілдері, буындарды визуалды диагностикалау және созылмалы ауырсынудың психологиялық аспектілеріне арналған баяндамалар тудырды. Бағдарламаның тәжірибелік бөлігінде биологиялық препараттарды буын ішіне және тері астына енгізу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Сонымен қатар кішкентай қонақтар үшін арт-терапия, ертегі терапиясы, мүсіндеу сабақтары, аниматорлармен ойындар, сондай-ақ ЛФК нұсқаушысы мен психологтың қатысуымен сессиялар ұйымдастырылды.

Мұндай бастамалар мамандар арасындағы тәжірибе алмасуға, өзара қолдау жүйесін дамытуға және ревматологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Кездесу соңында қатысушылар іс-шара қорытындысын шығарып, ревматология саласындағы көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.

Запись на кт/мрт