UMC МАМАНДАРЫ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАЛАРДЫ СӘТТІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛАДЫ | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2025 жылдың басы отандық медицина саласында маңызды оқиғаларға толды. 20 қаңтарда University Medical Center клиникаларында ағза трансплантациясын күту тізімінде тұрған екі пациентке донорлық ағзаларды трансплантациялау бойынша операциялар сәтті орындалды. Донор 45 жастағы Алматы облысының тұрғыны болды, дәрігерлер ми өлімін тіркеді. Ер адамның туыстары ағзалардың донорлығына келісім беріп, еліміздің төрт азаматына өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.

UMC клиникаларында екі операция жасалды: Жүрек Орталығында өкпе трансплантациясы жасалды, ал Ана мен бала орталығында 17 жастағы жасөспірімге бүйрек трансплантациясы жасалды.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтта UMC Жүрек Орталығының командасы 43 жастағы пациентке донорлық жүрек трансплантациясын жасады. Бұл Алматыда жүргізілген екінші жүрек трансплантациясы болды. Еліміздің басқа өңірлерінде осы күрделі операцияларды жүргізу отандық трансплантология мен әрбір пациент үшін қолжетімді медицинаның дамуына ықпал етеді.

Донорлық ағзаларды трансплантациялау ең күрделі операциялардың бірі болып табылады, алайда тәжірибе, дағдылар және техникалық жарақтандыру оларды біздің елімізде жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Жүрек пен өкпе трансплантациясы қайтыс болғаннан кейінгі донордан, ми өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда, одан кейінгі процесс көбінесе әлеуетті донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.

Донорлық ағзаларды тасымалдау кезінде әр секунд маңызды. Бірнеше мемлекеттік және медициналық қызметтердің үйлесімді топтық жұмысы ағзаларды трансплантациялаудың сәттілігінің кепілі болып табылады.

Біз донорлар мен олардың отбасыларына, сондай-ақ Қазақстанда трансплантациялау бағдарламасын дамуына өз үлесін қосатын барлығына ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің адалдығыңыз бен тектілігіңіздің арқасында біз әрбір мұқтаж пациентке өмірге жаңа мүмкіндік алуды жақындаймыз!

Запись на кт/мрт