ҚАЗАҚСТАН ТОП-22-ГЕ КІРДІ: UMC АКАДЕМИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТТІ | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Қазақстанда бірқатар клиникалар медициналық көмек көрсететін ұйымдар ретінде Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредитациясына ие. Алайда, республикалық деңгейдегі 3 клиниканы қамтитын University Medical Center: Ана мен бала орталығы, Диагностикалық орталық және Жүрек орталығы, JCI комиссиясы жоғары сапалы медициналық көмек көрсететін ұйым ретінде ғана емес, сонымен қатар медицина саласында ғылым мен білім беруді дамытатын ұйым ретінде таныған Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы Академиялық медициналық орталық болып табылады. АМО-ның негізгі критерийлерінің бірі – университеттің бір бөлігі болу, сондықтан Назарбаев Университеті аккредиттеуден өтуге белсенді қатысты.

2024 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында UMC Академиялық медициналық орталық ретінде JCI аккредитациясынан сәтті өтіп, Қазақстанды әлемнің 22 елінің тізіміне енгізген, JCI сертификатын алған әлемдегі 63-ші клиникаға айналды.

JCI халықаралық аккредиттеу бүкіл әлем бойынша медициналық көмек көрсету және пациенттерге күтім жасау сапасының алтын стандарты болып саналады. Аккредиттеу стандарттары ұйымды жүргізілетін емнің сапасына, пациентке бағытталған күтімге, инфекциялардың алдын алуға және бақылауға, хирургиялық емдеуге, дәрі-дәрмектерді қолдануға, кәсіптік оқытуға, зерттеу қызметіне және басқа да параметрлерге бағалауға көмектесетін мыңдаған көрсеткіштерді қамтиды.  Әлемдік қауымдастық медициналық ұйымда аккредиттеудің болуын медициналық көмек көрсету сапасының белгісі және пациенттердің сенімінің кепілі ретінде бағалайды.

AMО – бұл медицина мектебімен ұйымдық және әкімшілік интеграцияланған үшінші деңгейлі (ең жоғары) клиника. UMC клиникалары Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің медицина студенттері мен резиденттері үшін негізгі оқу орны, сондай-ақ халықаралық хаттамаларға сәйкес пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілетін ұйым болып табылады.

Комиссия барлық үш клиникада 1250 өлшенетін көрсеткіш бойынша бағалау жүргізді және стандартқа бірде-бір толық сәйкессіздікті анықтаған жоқ. Бұл медициналық көмек көрсету сапасы мен пациенттің қауіпсіздігінің, білім беру процесінің және жүргізілетін зерттеулердің жоғары деңгейін көрсетеді.

 «Бүгінгі күн – біздің  мекемелеріміз, бүкіл Қазақстан мен Орталық Азия үшін айтулы сәт. Біздің клиникалар алғаш рет Академиялық медициналық орталық ретінде JCI аккредиттеу жолына түсеуде. Бұл қадам тек елеулі жетістік қана емес, сонымен қатар біздің денсаулық сақтау жүйесі үшін қайта құру мүмкіндігі. Біз JCI аккредитациясын оның жоғары сапалы беделіне және медициналық көмектің әрбір аспектісін жақсарту әлеуетіне байланысты алуға шешім қабылдадық. Бұл аккредиттеу сапаны, қауіпсіздікті және инновацияны бірінші орынға қоятын озық тәсілді қабылдау арқылы дәстүрлі тәжірибелерден шығуға көмектеседі. Бұл біздің медициналық қызмет көрсетудің жалпы деңгейін үздіксіз жетілдіру және жақсарту мәдениеттін қалыптастыруға деген ұмтылысымызды білдіреді» – деді UMC  Басқарма Төрағасы Юрий Пя.

Запись на кт/мрт