
2024 жылғы 20-21 тамыз аралығында UMC Ана мен бала орталығының генетик-дәрігерлері «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-да жедел лейкемиямен ауыратын балалардағы қалдық ауруды диагностикалау бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Шеберлік сыныбын UMC Зертханалық медицина, патология және генетика КАД Клиникалық-генетикалық диагностика бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Баянова Миргүл өз тәжірибесімен бөлісті. Пікірталас барысында балалардағы жедел лейкемияны диагностикалаудың әртүрлі аспектілері қозғалды. Одан әрі шеберлік сынып бағдарламасы молекулалық-генетикалық зертханада практикалық жұмысқа бағытталды. Шеберлік сыныпқа онкология және гематология бөлімшелерінің дәрігерлері, ПБХҒО клиникалық-диагностикалық зертханасының мамандары қатысты.
Минималды қалдық ауру немесе MRD (minimal residual diseases) – бұл аурудың клиникалық-гематологиялық ремиссиясына жеткеннен кейін қайталануды тудыруы мүмкін ісік жасушаларының аз саны. Бұл жасуша клонын әдеттегі микроскоппен анықтау мүмкін емес. Сонымен, терапия кезеңдерінде МҚА-ны анықтау терапевтік тактиканы өзгерте алады, мысалы, стандартты полихимиотерапияны аллогенді гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялауға ауыстырады. Қазіргі онкогематологиялық тәжірибеде жедел лейкоздар үшін МҚА анықтау ғылыми-клиникалық зерттеулердің міндетті бағыты болды.

