
2024 жылғы 15-17 тамыз аралығында UMC Ана мен бала орталығында «Жаңа туған нәрестелер мен жас балалардағы үлкен диастазбен өңеш атрезиясы кезінде өңештің торакоскопиялық созылуы» шеберлік сыныбы өтті.
Өңеш атрезиясы – өңештің жоғарғы және төменгі бөліктері ажыратылған туа біткен ақау.
Оқытуды өткізу үшін профессор, MD, PhD, балалар хирургы, балалар урологы, Польша, Вроцлав қаласындағы Пластов Силезский атындағы Вроцлав медицина университетінің балалар хирургиясы және урология бөлімінің меңгерушісі Дариуш Войцех Патковский шақырылды. Ол балаларда өз өңешін қалыптастыру әдісінің авторы.
Шеберлік сыныбы кезінде UMC балалар және неонаталды хирургия бөлімінің мамандары профессормен бірге біздің кішкентай пациенттерге операция жасады. Дариуш Патковскиймен ынтымақтастық екі жылдан бері жалғасып келеді. Мұндай шеберлік сыныбы алғаш рет біздің Орталықта 2022 жылы өтті. Қазақстанда өңеш атрезиясы кезінде өз өңешін сақтау операциясын тек UMC Ана мен бала орталығында Польшадан келген профессормен бірлесіп жасайды.
