Қазақстанда алғаш рет UMC мамандары бір уақытта бір жарым жасар қыздың бауыры мен жүрегіне ота жасады | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Бұл алдымен бауыр ісігін, содан кейін жасанды қан айналымын қолдана отырып ісік тромбасын алған күрделі ота.

Кішкентай пациентке емдеу кезінде UMC командасы ерекше клиникалық жағдайға тап болды. Жылдың басында 1,5 жастағы қыз UMC Ана мен бала орталығына оң жақ бауыр гепатобластомасымен – жас балаларда кездесетін жоғары қатерлі ісікпен ауруханаға жатқызылды. Компьютерлік және магниттік-резонанстық томография нәтижелері оң жақ жүрекше қуысына таралатын үлкен ісікті көрсетті.

Мультидисциплинарлық консилиумде емдеуді полихимиотерапия курстарынан бастау туралы шешім қабылданды. Клиникалық хаттамаларға сәйкес, мұндай терапия тактикасы ісіктің мөлшерін едәуір азайтуға көмектеседі, бұл болашақта отаны қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Химиотерапияның 4 курсынан кейін баланың жағдайы айтарлықтай жақсарды, ісік 2 есеге кішірейді. Алайда, ісікті алып тастауға төменгі қуыс венаның сағасында, жүрек сағасында қан ұйып қалып, кедергі келтірді.

Содан кейіни команда UMC Жүрек Орталығының кардиохирургтарының қатысуымен жасанды қан айналым аппаратын қолдану туралы шешім қабылдады. Құрылғы көбінесе ашық жүрекке ота жасау кезінде қан айналымын үздіксіз жүргізу үшін қолданылады. 8 сағаттық ота кезінде дәрігерлер бауырдың қатерлі ісігін алып тастады, содан кейін жасанды қан айналымы мен ашық жүрек жағдайында тромбты алып тастады. Сондай-ақ, венаның төменгі қуыс сағасында пайда болған ақауын өз перикардымен жамап, пластика жасалды. Жасанды қан айналымы құрылғысын пайдалану ұзақтығы 117 минутты құрады. Баланың жағдайы тұрақты, бүлдіршін үйіне шығарылды.

Айта кету керек, жасанды қан айналымы құрылғысы UMC Ана мен бала орталығында алғаш рет қолданылды. Бұған дейін туа біткен жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестелер UMC Жүрек орталығына хирургиялық емдеуге жіберілетін еді.

Бұл отаны UMC мамандары сәтті жасады: UMC Басқарма төрағасы Юрий Пя, кардиохирург Ғалымжан Өтегенов, балалар хирургтары Дулат Мустафинов, Дастан Рүстемов, Руслан Өтебалиев, балалар анестезиологтары Талғат Ибраев, Гүлмира Жауарова, перфузиолог Линар Фаизов, операция мейіргерлері Марал Шарденова, Раушан Смаилова және Анастасия Баяндина. Сондай-ақ, онкологтар мен емдеуші дәрігер Кәмәліддин Өмірзах кішкентай пациенттің емделуіне және операцияға дайындалуына елеулі үлес қосты.

Үйлесімді команда мен әртүрлі мамандардың күш-жігерін біріктіру UMC клиникаларының сәтті интеграциясының үлгісін көрсетті. Болашақта пациенттер UMC мультидисциплинарлық тобының жоғары сапалы медициналық көмегін ала алады.

Запись на кт/мрт