«Days of Pediatric Surgery in Azerbaijan» I Халықаралық балалар форумы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

17-19 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде «Days of Pediatric Surgery in Azerbaijan» атты I Халыралық балалар форумы өтті. Оған оннан аса мемлекеттен қатысушылар келіп, 350-ден аса баяндама жасалды.

Халықаралық форумға UMC Ана мен бала орталығының дәрігерлері Болат Нағыманов «Қазақстан Республикасындағы балалардағы жетілмеген остеогенезді емдеудің кешенді тәсілі», Дастан Рүстемов «Гастрошизистің асқынған түрлерімен жаңа туған нәрестелерді емдеу», «UMC-дегі балалардың бүйрек трансплантациясы нәтижелері», балалар хирургиясы резиденттері Бауыржан Құлмұрат «Percutaneous endoscopic gastrostomy in children and adolescents: our experience», Нұрсұлтан Жақсыбаев «Pediatric thyroid surgery. Our 4 year experience» тақырыбында баяндама жасады.

Үш күн ішінде балалар хирургиясы, анестезиология, операциядан кейінгі оңалту, педиатрияның кейбір аспектілері бойынша отызға жуық параллель симпозиумдар, шеберлік сыныптары өткізілді.

Форум нәтижесінде Еуразиялық балалар хирургтарының қауымдастығын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Запись на кт/мрт