Халықаралық мейіргер ісі мамандары күні | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Халықаралық мейіргерлер күні қарсаңында University Medical Center-де мейіргер ісі мамандарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қызметкерлер денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен корпоративтік төсбелгілермен марапатталды.

Сондай-ақ, мерекелеу аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Онда жас суретшілердің суреттері, қолөнер туындылары, тәтті тоқаштар мен қазақы нақыштағы киімдер қойылды. Жәрмеңкеден түскен қаражат Қазақстан онкогематологиялық аурулары бар балаларды сауықтыру қорына аударылды.

Запись на кт/мрт