2024 жылдың 15-16 наурызында University Medical Center клиникаларында «Бөбек» Бірінші Қазақстандық Неонаталдық симпозиумы өтті.

Соңғы жылдары ай-күні жетіп туған және шала туған нәрестелердің, соның ішінде дене салмағы өте аз нәрестелердің өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті. Бұған осы саладағы медицина мамандарының дағдыларын үнемі дамытуы ықпал етті.
Симпозиумның құрметті қонағы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болды: «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан неонаталдық қызметке, барлық жұмысты ұйымдастыратын кадрларға қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл симпозиумның рөлін асыра бағалау қиын, осы іс-шарада айтылған мәселелер министрліктің міндетті жол картасының одан әрі жоспарының негізі болуы тиіс – бұл біздің ең кішкентай пациенттерімізге көмек көрсетуді ұйымдастырудағы жағдайды жақсартудың бастапқы нүктесі болуы керек. Уақыт тауып, осы мәселенің маңыздылығын түсінген шет елдерден келген әріптестерімізге алғысымды білдіремін. Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін сіздердің тәжірибелеріңіз бен қатысып отырғандарыңыз үлкен мәртебе, біз оны қабылдауға дайынбыз», – деп атап өтті министр.

Кездесудің басты мақсаты – өзекті мәселелерді шешу және тәжірибе алмасу үшін Қазақстанның, сондай-ақ таяу және алыс шетелдердің жетекші мамандарын біріктіру. Симпозиумға неонатологтар, неонаталдық хирургтар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, балалар реаниматологтары, балалар кардиохирургтары және мейіргер ісі мамандары белсенді қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыптары денсаулық сақтау практикасына жаңа туған нәрестелерді күтудің жаңа технологияларын енгізу, клиникалық жағдайларды талдау, пациенттермен де, олардың ата-аналарымен де байланыс ерекшеліктерін қамтыды.
Іс-шара форматы тыңдаушыларға залға қатысуға да, онлайн трансляцияға қосылуға да мүмкіндік берді. Оффлайн қатысушылардың жалпы саны 500-ден астам болды.
Іс-шара үш клиникада қатар өтті: UMC Ана мен бала орталығында неонатология секциясында спикерлер сөз сөйледі, UMC Диагностика орталығының базасында неонаталдық хирургия бойынша клиникалық кейстер талданды, ал UMC Жүрек орталығында мейіргер ісі мамандары сәбилерге алғашқы реанимациялық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныптарын өткізді, сондай-ақ неонатология секциясында неонаталдық хирургия бойынша спикерлер сөз сөйледі.
Іс-шараның ресми демеушілері: «Диагаль» ЖШС, Unicmed Asia, Mindray, Ацино, «Новомед КЗ», «Дельрус Қазақстан», «Neo Meds» ЖШС, Medela, «MPA Medical Partners», «Интерседжикал» АҚ, БиоЛайн Қазақстан ЖШС.
