University Medical Center-де IV Операциялық іс мамандарының ұлттық симпозиумы өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2024 жылғы 17 ақпанда University Medical Center-де «Операция ісі мамандарының IV Ұлттық симпозиумы» өтті, ол операциялық блокта жұмыс істеу тәжірибесі мен дағдыларымен алмасу, бірлескен пікірталастар және қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл алаңына айналды. Іс-шара халықаралық операциялық мейіргерлер күніне арналған дәстүрлі кездесу болды.

Операциялық мейіргер мамандары пациенттерді емдеу мен күтуде маңызды рөл атқарады. Негізгі жұмыстарынан басқа, олар ғылыми жобаларға белсенді қатысады, конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлейді, тәжірибелерімен бөліседі және кәсіби дамуын жалғастырады. Мәселен, өткен жылы UMC мамандары Қазақстанда басқа медициналық ұйымдардың әріптестерімен оқу және кооперация үшін алғашқы операциялық мейіргерлер мектебін ашты.

Симпозиумға елордалық медицина ұйымдарынан және еліміздің басқа өңірлерінен 400-ге жуық астам маман қатысты. Іс-шара Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің ғимаратында өтті. Қатысушыларға 22 баяндама ұсынылды, олардың әрқайсысы жұмысты жақсарту бойынша сұрақтар мен жауаптардың, ұсыныстар мен түсініктемелердің белсенді сессиясымен сүйемелденді.

“Операциялық мейіргер – бірегей мамандық, себебі оларға бәрі де өз қызметін жүктей алады, бірақ операцичлық мейіргер өз қызметін басқа мамандарға жүктей алмайды. Бұл мамандық үнемі дамуды қажет етеді, сондықтан конференцияның әрбір қатысушысына жаңа білім, жемісті пікірталас пен табысты жұмыс тілеймін”, – деп бөлісті University Medical Center Басқарма төрағасы Юрий Пя.

Конференция барысында спикерлер өз білімдерімен бөлісті, хирургиялық араласу саласында жаңа технологияларды талқылады, кішкентай пациенттерді операцияға дайындаудың ерекшеліктері және академиялық медициналық орталық жағдайында операция ісін дамыту мүмкіндіктері туралы айтты. Симпозиумға қатысушылар үшін операциялық мейірбике үстелін дұрыс дайындау, қан жоғалтуды өлшеу, пациентті операцияға дайындау және сайн-аут рәсімі бойынша симуляциялар жүргізілді. Сондай-ақ, шеберлік сыныптары барысында қатысушылар негізгі жүрек-өкпе реанимациясын манекенде көрсету дағдыларын пысықтады.

Симпозиумға қолдау көрсеткені үшін ABMG Meril, Bbraun, Mindray және Unicmed Asia медициналық серіктестерімізге алғыс білдіреміз.


Запись на кт/мрт