
2023 жылдың 23-25 қарашасында UMC Ана мен бала орталығында «Балалар бауыр трансплантациясы: асқынудың алдын алу» шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбына Жапония Ағза трансплантация органының директоры, профессор, жетекші хирург-трансплантолог Сакамото Сейсуке, хирург-трансплантолог Шимидзу Сейичи, анестезиолог Фунаки Чиаки және біздің Орталықтың дәрігерлері қатысты. Екі пациентке бауыр трансплантациясы сәтті жасалды:
Бірінші науқасқа туған кезде «Өт шығару жүйесінің туа біткен ақауы – өт жолдарының атрезиясы, бауыр циррозы» диагнозы қойылған. Оған 1,5 айында біздің Орталықта «Касаи әдісімен портоэнтероанастомия» отасы жасалып, соның арқасында өмірі 4 жылға ұзарды. Кейін оған бауыр трансплантациясын жасады. Баланың әкесі донор болды. 12 сағатқа созылған ота сәтті өтті.
Бауыр қатерлі ісігіне («Гепатобластома») шалдыққан 4 жас 11 ай толған пациенттің ісігіне хирургиялық ем қолдану мүмкін болмады, бауырға баратын ірі тамырлар ісік тромбтарымен жабық тұрды. Пациентке баланың әкесінің бауыры салынды. Оған баланың мойын тамырын пайдалана отырып, 19 сағат ота жасалды. Қазіргі таңда пациент анасымен бірге біздің орталықта ем қабылдап жатыр.

