University Medical Center-де Бүкіләлемдік шала туған балалар күні өтті | Корпоративный фонд "University Medical Center"

17 қараша – Бүкіләлемдік шала туған балалар күні. Бұл күн мерзімінен бұрын босану және шала туған балалар мәселесіне назар аударту үшін жыл сайын дүние жүзінде аталып өтіледі.

Мереке 2011 жылы Еуропалық жаңа туған нәресте күтімі қоры (European Foundation for the Care of Newborn Infants, EFCNI), «Little Big Souls» Африка елдеріне көмек көрсету халықаралық қоры, сондай-ақ Аустралияның «Шала туған нәрестелердің аналары» ұлттық қорының бастамасымен құрылды. Бүкіләлемдік мерекенің негізі қаланғаннан бастап елуден астам ел, соның ішінде Қазақстан да қосылды.

2023 жылдың 17 қарашасында осы мерекеге орай University Medical Center-де Ашық есік күні өтіп, кішкентай пациенттерге ерекше көңіл бөлінді. Таңертеңнен бастап біздің орталықта емделіп шыққан балалар UMC Диагностикалық орталығында педиатр, невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог, офтальмолог, хирург және отоларинголог мамандарының қабылдауынан, тексеруінен, зерттеулері мен консультациясынан өтті.

Түстен кейін барлық қатысушылар үшін UMC Ана мен бала орталығының дәрігерлерінің қатысуымен пациенттер мектебі ұйымдастырылды. Онда мамандар шала туған балалардың күтімі мен ықтимал асқынулар туралы баяндап берді.

Шараға профессор және медицина ғылымдарының докторы, Қазақстандағы неонатология кафедрасының бірінші меңгерушісі Тамара Құрманғалиқызы Чумакова құрметті қонақ ретінде қатысты. Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Оған пациенттер мен ата-аналар қатысып, UMC Ана мен бала орталығының неонатология, неонаталдық хирургия, нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімдерінің медициналық қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

Запись на кт/мрт