Анестезиология мен реанимация бойынша мейірбике ісінің III Конференциясы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

2023 жылдың 4 қарашасында University Medical Center-де «Әр күн ерекше» атты Анестезиология мен реанимация бойынша мейірбике ісінің III конференциясы өтті. Іс-шараны UMC мен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы ұйымдастырды. Конференцияға елордадағы медицина орталықтары мен өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарынан 400-ден астам маман қатысты.

Мейірбике ісінің мамандары әр пациентке кешенді күтім мен қолдау көрсетіп, белсенді қатысып жатыр. Жұмыс күндері қатты қарбалас болса да кәсіби дамуын жалғастырып, ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатысуда, халықаралық аренада клиникалардың тәжірибесін ұсынып, әріптестерімен тәжірибе мен білім алмасу және мейірбике қызметін жетілдіру үшін алаң құрып жатыр.

Конференция спикерлері реанимация бөлімінде пациенттерге дұрыс күтім жасау, анестезияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау, жұқпалы аурулардың алдын алу сияқты өзекті тақырыптар бойынша 26 баяндама ұсынды. Іс-шараға қатысушылар үшін базалық реанимациялық көмек көрсету, өкпені жасанды желдету негіздері және орталық веноздық катетерді орнату бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.

«Мейірбике ісінің үшінші конференциясы UMC қабырғасында кездейсоқ өткізіліп жатқан жоқ, өйткені Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия орталығы Университет Медицина Орталығының бөлігіне айналды. Мұнда әрбір қызметкердің әрі қарай өсуі мен кәсіби дамуына, оның ішінде оқытушылық қызметте де мүмкіндігі бар. Конференция, ең алдымен, біздің пациенттер үшін қызықты әрі пайдалы өтетініне сенімдімін», – деп бөлісті University Medical Center Басқарма Төрағасы Юрий Пя.

Конференцияның бас серіктесі «Kazmedeq.kz», сондай-ақ «Acino» және «Bbraun» компанияларына іс-шараға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. 

Запись на кт/мрт