Азғалар мен тіндерді трансплантациялау бойынша тағылымдамаға қатысу | Корпоративный фонд "University Medical Center"

7-12 қыркүйек аралығында UMC Ана мен бала орталығы Стационарлық хирургия департаментінің трансплантолог хирургы Ғани Құттымұратов Иранның Шираз қаласында медицина университетінің ағзалар мен тіндерді трансплантациялау ғылыми-зерттеу орталығында тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама мақсаты – жануарларға ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында теориялық және практикалық дағдыларды игеру, сондай-ақ Иран Республикасында ағза донорлығын дамыту тәжірибесін зерделеу.

Шираз – Орталық Азиядағы ағзаларды трансплантациялау саны бойынша бірінші қала. Ширазда жылына 1300-ге дейін ота жасалады, оның 90%-ын қайтыс болған донорлар құрайды. Донор күту ұзақтығы – 8-12 ай.

Запись на кт/мрт