Еуропалық патология қоғамының (ECP) 35-ші жыл сайынғы Конгресі | Корпоративный фонд "University Medical Center"

9-13 қыркүйек аралығында Ирландияның Дублин қаласында Еуропалық патологтар қоғамының (ECP) 35-ші жыл сайынғы конгресі өтті. 166 сессиядан құралған конгреске әлемнің 94 елінен 4400 адам қатысты.

Конгресте сандық, молекулалық, балалар, аутопсия, асқазан-ішек жолдарының патологиясы және гинекология патологиясы талқыланып, білікті мамандар өз тәжірибесімен бөліскен.

Конгреске біздің Орталықтан Лабораториялық медицина, патология және генетика клиникалық академиялық департаменті, Патологиялық анатомия бөлімшесінің дәрігер-патологоанатомы Жанат Жалимбетова қатысып, тәжірибе жинақтап келді.

Запись на кт/мрт