UMC және Жүрек Орталығының мамандары Корей радиологтарының Конгресіне қатысты (KCR 2023) | Корпоративный фонд "University Medical Center"

20-23 қыркүйекте 79-шы Корей радиологтарының конгресі өтті, оған UMC және Жүрек Орталығының мамандары белсенді қатысты. Биылғы Конгресстің ұраны «Exploring Beyond the Horizon» – «Көкжиектен тыс зерттеу» деген атау таңдалып, қатысушыларды жаңашылдыққа шақырды. Іс-шарада 3 мыңнан астам маман, соның ішінде өз идеяларымен, тәжірибелерімен және соңғы жетістіктерімен бөліскен танымал радиология мамандары бас қосты.

Конгресс аясында Жүрек Орталығының радиолог дәрігері Алмас Бимахан туа біткен жүрек ақауларын диагностикалауда ангиокардиографияның КТ артықшылықтары туралы постерлік баяндама жасады. UMC радиолог дәрігері Анарбек Темірбеков тоқ ішек патологиясында мультиспиралды КТ колоноскопиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, 17-19 қыркүйек аралығында радиолог Алмас Бимахан Азия-Мұхит радиологтар мектебі (AOSOR) ұйымдастырған Youth Club бағдарламасына қатысты. Радиологтар қоғамының болашақ көшбасшыларын даярлауға бағытталған бұл академиялық бағдарлама жас мамандар арасында оқыту, дағдыларды дамыту және тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Запись на кт/мрт