Женевада өткен алдын алу және инфекцияны бақылау жөніндегі Халықаралық конференция туралы | Корпоративный фонд "University Medical Center"

12-15 қыркүйек аралығында UMC Эпидемиологиялық бақылау департаментінің эпидемиологы Есенова Дана Кайрулаевна Швейцарияның Женева қаласында өткен Профилактика және инфекциялық бақылау халықаралық конференциясына қатысты.

Конференцияға әлемнің 100-ден астам елінен 1200 адам қатысты. Шақырылған спикерлер құрамында АҚШ Профилактика және инфекцияны бақылау орталығы (CDC), Америка эпидемиология қоғамы мен ДДСҰ өкілдері болды.

Конференцияның мақсаты – инфекциялық бақылау және инфекциялардың алдын алу саласындағы өзекті ақпаратты, жаңа зерттеулер мен озық тәжірибелерді жинау және бөлісу.

Запись на кт/мрт