2023 жылдың 4-8 қыркүйегі аралығында UMC Диагностикалық орталығында AOSR Asian Tutorial Азия-Мұхит елдерінің радиология қоғамы мектебінің академиялық бағдарламасы (AOSOR) өтті.
AOSOR — AOSR мүшелері арасындағы радиология және ғылыми байланыс саласындағы білім мен оқытуға бағытталған AOSR басқаратын академиялық бағдарлама. Мақсаты – радиологияның дамуын ілгерілету үшін іргелі және клиникалық зерттеулерді ынталандыру, радиологиялық процедуралардың сапасы мен техникасын және мүшелердің дағдыларын жақсарту.
Бұл шарада AOSOR директоры, профессор Yi-Hong Chou, тайвандық профессор Tiu Chui-Mei, аустриялық профессор Rainer Rienmuller, үндістандық Dileep Kumar, қытайлық Yang Jian, ресейлік профессор Н.А.Рубцова дәріс оқыды. Қазақстанның әртүрлі аймағынан профессорлар сөз сөйледі.
Дәрісті тыңдауға Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Әзербайжаннан, Тәжікстаннан және Қазақстанның түрлі өңірлерінен жас радиологтар, резиденттер келді.



