UMC маманы Еуропалық витреоретиналды қоғамның (EVRS) 2023 отырысына қатысты | Корпоративный фонд "University Medical Center"

31 тамыз – 3 қыркүйек аралығында UMС Ана мен бала орталығының балалар офтальмохирургы Жансая Байғабыл Еуропалық витреоретиналдық қоғам (EVRS) отырысына қатысты. Конгресс Түркияның Каппадокия қаласында өтті.

Шараға әлемнің 53 елінен 500-ге жуық маман қатысты. UMC маманы ретинопатияның 4 сатысымен түскен балаға интравитреальды дәрі салынған клиникалық жағдай негізінде баяндама оқыды. Өз кезегінде, емдеудің бұл әдісі витреоретиналдық хирургияға жүгінбестен, науқастың көру қабілетін сақтап қалуға көмектесті. Баяндамаға шетелдік әріптестер қызығушылық танытып, қызықты пікірталас тудырды.

Конгрессте қазіргі уақытта Қазақстанда жасалмайтын жаңа туған нәрестелердегі көз торы витреоретиналдық хирургиясының барлық қыр-сыры талқыланды. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар үшін ерте витреоретиналдық хирургия бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.

Запись на кт/мрт