UMC клиникаларының ұжымы Балалар үйі мен өз пациенттері үшін мерекелік шара ұйымдастырды. | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Астанадағы Балалар үйіне бару UMC ұжымының әдемі дәстүріне айналғанына бірнеше жыл болды. Тағдырының айдауымен бұл мекемеге келген балалрдың көбінің денсаулығын жіті тексеру қажет және олар ерекше күтімге мұқтаж. Сондықтан, дәрігерлеріміз қажетті құрал-жабдықтардың барлығын алып балаларды медициналық тексеруден өткізуге шешім қабылдады. Невролога, оториноларинголог, ортопеда және педиатрдан құралған топ дәрігерлеріміз Балалар үйі тәрбиеленушілерінің медициналық карталарымен танысып, жіті тексеріс жасап, ары қарайғы күтім мен емдеу бойынша қажетті кеңестерін жазып берді.

Бүгінде балалар үйінде барлығы 70 бала тәрбиеленуде, оның 34-і күндізгі уақытта үйлерінен келіп оңалту шараларына қатысса, қалғаны тұрақты түрде осы орталықта тұрады. Бүлдіршіндердің әрқайсысы мейірім мен ерекше жылулықты қажет етеді, сол себепті UMC ұжымы медициналық тексеруден бөлек, балалрға арнаған сыйлықтарын да табыстады.  

Айтулы күнде UMC Ана мен бала орталығының кішкентай пациенттері де назарсыз қалған жоқ. Орталықта ем алып жатқан 200 аса балаға мерекелік іс-шара, шеберлік сағаттары, көңілді ойындар мен сый-сыяпаттар жасалды. Ем алушылардың сүйікті жерлерінің біріне айналған Орталық кітапханасына 50 кітап табысталды.

Серіктестеріміз бен еріктілерге мерекені ұйымдастыруға ат салысқандары үшін зор алғыс білдіреміз!

Запись на кт/мрт