UMC, Назарбаев Университетінің Медицина орталығы – Еуропа реанимациялық кеңесінің Орталық Азиядағы бірінші өкілі. | Корпоративный фонд "University Medical Center"

ДСҰ мәліметтеріне сәйкес, бейбіт күнде жазатайым оқиғалар нәтижесінде қаза болған 100 адам өмірінің 20-сын сақтап қалуға болар еді, оқыс жағдай құрбандарының әр бесіншісі алғашқы көмек көрсетілмегендіктен немесе жедел жәрдем жеткенше бұрыс жасалған әрекеттерден қайтыс болады. Шамамен әр жастағы 356 000 адамда ауруханадан тыс жерде жүрек тоқтауы орын алады, олардың оннан тоғызы жан тапсырады.

Соңғы он екі ай ішінде «UMC» Корпоративтік Қоры Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірлесіп, Астанада реанимациялық көмек көрсетуді оқыту орталығын ашу бойынша қыруар жұмыс атқаруда. Осылайша, 2022 жылдың 24 қарашасында UMC Еуропа реанимациялық кеңесінің (ERC) Орталық Азиядағы алғашқы ресми өкілі болып тағайындалды.  

Қор базасының жіті тексерісі сертификатталған жаттықтырушылардың екі кезеңді дайындығынан соң UMC  Орталық Азия елдерінде BLS (базалық реанимациялық көмек) пен PBLS (базовая реанимационная помощь для детей) курстарының ұйымдастырушысы атты ресми мәртебеге ие болды.    

Бүгінде 19 сертификатталған жаттықтырушы дайындалып, BLS пен PBLS бойынша дәріс беруге жабдықталған симуляциялық сыныптар ашылды, UMC мен ҰҒКО қызметкерлерінің толық құрамы ERC стандарттарына сәйкес келетін базалық реанимациялық көмек негіздерін меңгерді.

UMC мен Назарбаев Университеті Медицина мектебінің негізінде Еуропа реанимациялық кеңесінің ресми өкілдігін ашу бірыңғай оқу бағдарламарын құруға жағдай жасады.  

Массимо Пигнатели, Назарбаев университетінің медицина бойынша вице-президенті: «Пандемия мен денсаулық сақтау саласындағы өзге де төтенше жағдайлар, өміріне қауіп төнетін жағдайларға араласқан уақытта тіпті ең білікті мамандарының да үздіксіз білім алу қажеттілігі барын көрсетті. ERC аймақтағы ресми өкілі ретінде UMC оқыту, зерттеу мен инновациялар саласында озық тәжірибелер Орталығын құрды. Орталықта азаматтар мен медициналық қызметкерлер ERC мақұлдаған бағдарламалар шеңберінде реанимация саласындағы ең маңызды дағдыларды меңгереді. Бұл бағдарламалар мамандарымыз іске асыратын зерттеулер негізінде әлі де инновациялық технологияларды қолдану арқылы жаңашылдандырлып отырады».

Жуық арада іске асырылатын жоспарлар:

  • Ересектер мен балаларға кеңейтілген реанимация бойынша жоғары білікті жаттықтырушыларды дайындап, ALS  және EPALS курстарының ресми ұйымдастырушысы атану. 
  • Әлеуметтік қызметкерлерді базалық реанимациялық көмек көрсетуге даярлау: білім беру саласының қызметкерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері, ҚР қарулы күштерінің қызметкерлері, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздік саласының қызметкерлері, ұлттық гвардия, өртке қарсы қызмет жұмыскерлері және т.б. 

Өмір – ең маңызды құндылықтардың бірі. Алғашқы медициналық көмекті көрсете білу, адамдардың өмірін сақтап қалу көрсеткішін арттыруға жол ашады. Сол себепті базалық реанимациялық көмек көрсетуді меңгеру әрқайсымыз үшін аса маңызды!

Запись на кт/мрт