Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “UMC” КҚ педиатрия департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы SOS Балалар ауылына барды. | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында “UMC” КҚ педиатрия департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы SOS Балалар ауылына барды.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 3.jpg

Сапар аясында медицина қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар, тәттілер мен ойыншықтар табыс етті. Бірнеше жыл бойы медицина қызметкерлері SOS балалар ауылының 3 үйінің балаларына жетекшілік етеді.

Бүгінгі таңда “UMC” КҚ педиатрия департаменті балалар ауылының тәрбиеленушілерімен тығыз жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда балаларға әртүрлі бейіндегі жоғары білікті мамандар консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

“UMC” КҚ қызметкерлерінің SOS балалар ауылы тәрбиеленушілерінің патронажы болашақта да жалғасатын игі дәстүрге айналды.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 1-1024x768.jpg

Открыть панель публикации

Запись на кт/мрт