2022 жылдың 7 сәуірінде “University Medical Center” корпоративтік қорында «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы «Өркениет» филиалының партия белсенділерінің жиналысы өтті. | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Жиында партияның кезектен тыс XXII съезінің шешімдерін, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау жайы талқыланды.   

         Жиналыс барысында «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі,       Қазақстанның Еңбек Ері, «University Medical Center» корпоративтік қорының  Басқарма Төрағасы Юрий Владимирович Пя Президент Жолдауы уақыт талабы мен қоғам үмітіне толық жауап беретінін айтып, медицина қызметкерлерінің бірқатар мәселелеріне тоқталды.

         Жолдаудың негізгі тұстары бойынша Ұлт денсаулығы жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, «University Medical Center» корпоративтік қорының Клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бойынша бағдарламасының жетекшісі Ковзель Елена Федоровна және партияның белсендісі, «University Medical Center» корпоративтік қорының  патологиялық анатомия бөлімінің меңгерушісі Ибраимов Бақтығали Әбдіғалиұлы баяндама жасап, ел дамуының жаңа кезеңін белгілеген негізгі бастамаларды ашып берді. Партияның жаңғырту кезеңіндегі алға қойған мақсат-міндеттерін талқылады.

      Партия белсенділері Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жүзеге асыру үшін баршамыз қолдау көрсетіп, еліміздің болашағы  үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Запись на кт/мрт