“UMC” корпоративтік қорында интервенциялық радиология бөлімі ашылды | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Интервенциялық радиология – медицинаның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ол заманауи медицина мүмкіндіктерін кеңейтіп, кейбір жағдайларда дәстүрлі хирургиялық амалдарға балама болып саналады.

Интервенциялық радиология бөлімшесінде катетерлер мен басқа да құралдарды теріні кішкене тесу арқылы және кейде еш кесусіз адам денесін бейнелеудің рентгеноскопиялық, ультрадыбыстық және басқа да әдістерін қолдана отырып, диагностика мен емдеудің аз инвазивті әдістерін қолданады.

Диагностика мен емдеудің интервенциялық әдістерінің бірқатар артықшылықтары бар: атап айтқанда ұзақ ауруханада жатуды қажет етпейді; жалпы анестезия көп жағдайда қажет емес; хирургиялық тәуекелдер, ауырсыну, қалпына келтіру уақыты дәстүрлі хирургиямен салыстырғанда айтарлықтай төмендейді.

Интервенциялық радиология бөлімшесінде келесідей қызмет түрлері көрсетіледі.

1. Аорта іш қуысының аневризмаларын эндоваскулярлық емдеу.

2. Түрлі локализациядағы ісіктерді аз инвазивті емдеу.

3. Порталдық гипертензияны және оның асқынуларын эндоваскулярлық емдеу.

4. Қан ағымын қалпына келтіру – ангиопластика, артерияларды стенттеу, реконструктивті оталар, диализдік фистулалардың өтімділігін қалпына келтіру және т.б. артерия ауруларын диагностикалау мен емдеудің эндоваскулярлық және дәстүрлі хирургиялық әдістері.

5. Ишемиялық инсульттің эндоваскулярлық және хирургиялық профилактикасы (каротидті эндартериэктомия, каротидті артерияларды стенттеу).

6. Ағзалық транспланттаудың асқынуларын эндоваскулярлық емдеу (бауыр, бүйрек трансплантациясынан кейін тамырлы, түтіктік құрылымдардың өткізгіштігін қалпына келтіру).

7. Гинекология мен уроандрологиядағы интервенциялық емдеу әдістері (жатыр артерияларының эмболизациясы, әйелдерде кіші жамбас варикозды-кеңейтілген көктамырлары, ерлерде простатикалық артериялар).

Жоғары білікті мамандар қызмет ететін “UMC” корпоративтік қорының интервенциялық радиология бөлімшесінде аталған көмектер міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша және ақылы негізде көрсетіледі.

Запись на кт/мрт