«UMC» корпоративтік қорында клиникалардың аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде | Корпоративный фонд "University Medical Center"

«UMC» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы Юрий Владимирович Пяның бастамасымен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының аумағында көгалдандыру жұмыстары қолға алынды.

Атап айтқанда, ұйым қызметкерлері тұратын қызметтік жатақхана ғимараты жағынан 300-ге тарта ағаш отырғызылды. Оның ішінде 8 түп шырша, 54 түп қарағай, 12 түп қайың, 12 түп алма ағашы, 13 түп алмұрт, 12 түп шие және 170 түп қарақат бұтасы отырғызылды. Сонымен қатар, дуалды бойлай 753 түп ағаш отырғызылды. Оның ішінде бірінші қатар терек, екінші қатар үйеңкі, үшінші қатар тал, төртінші және бесінші қатар алма ағаштары.

Осылайша, Орталық аумағында пациенттерге және Орталық қызметкерлеріне жайлы болуы үшін саябақ өсіру жоспарланып отыр.

«UMC» корпоративтік қорының ұжымы аталған жобаны іске асыруда қолдау көрсеткені үшін, атап айтқанда көшеттерді алудан бастап, ландшафт дизайнын жобалау мен ағаштарды отырғызғанға дейінгі игілікті істері үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен әкімі А.С. Көлгіновке және Алматы облысының әкімдігі мен әкімі А.Ғ. Баталовқа зор алғыс білдіреді.

Запись на кт/мрт