Бүгін «University Medical Center» корпоративтік қорының төрағасы Пя Юрий Владимирович Қор құрамына кіретін Балаларды оңалту ұлттық орталығына барды.
Төраға Орталықта психоневрологиялық бөлімдердің, роботталған оңалту зертханасының, әлеуметтік-педагогикалық оңалту орталығының, физиотерапия және емдеу-физикалық кешені бөлімдерінің, модельдеу және ортездеу зертханасының жұмысымен танысты.
Қызметкерлерімен әңгіме барысында Юрий Владимирович озық инновациялық технологияларды белсенде енгізе отырып, көрсетілетін қызмет сапасын әрі қарай жақсартып, дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.
«University Medical Center» корпоративтік қорының Балаларды оңалту ұлттық орталығы Қазақстанда оңалту қызметін дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оңалтудың мультидисциплинарлық интеграцияланған бірыңғай үлгісі ұйымдастырылып, енгізілді. Орталық қызмет етіп келе жатқан 13 жыл ішінде ондаған мың бала оңалтудан көмегін алды. Көбісі өздерінше жүруді үйренді.
Орталықта республиканың барлық өңірлерінен келетін мамандар невропатология және оңалту, түзету педагогикасы және мейіргер ісі, емдеу-физикалық кешені тәлімгерлері мен диеталық мейіргерлер арнайы курстардан өтеді. Елімізде тұрғындарға оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдар үшін мамандар даярлайтын негізгі база ретінде Орталық медициналық оңалту бойынша клиникалық хаттамалар мен нұсқаулықтар бойынша әдістемелік орталық саналады.
«UMC» КҚ Баспасөз қызметі
Тел: 8-7172-69-25-13