Жаңа туған балаларды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтау | Корпоративный фонд "University Medical Center"

«Олимпиада күнінде дүниеге келдім»

Бүгін, 23 маусым күні мұндай акция бүкіл Қазақстан бойынша  қоғамның назарын олимпиадалық құндылықтарға, жас ұрпақты тәрбиелеуге және әр адамның өміріндегі дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығына аудару мақсатында өтті.

Халықаралық Олимпиада күнінде туылған барлық балалар сертификаттарға, құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Бүгінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында дүниеге келген балалар да сыйлықтар алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымына және спортшыларымызға осы акция үшін алғыс білдіреміз!

Запись на кт/мрт