Коронавирус (2019-nCoV) инфекциясының таралуы және қабылданатын шаралар туралы ағымдағы ақпарат назарларыңызға ұсынылады | Корпоративный фонд "University Medical Center"

Джонс Хопкинс Университетінің ресми сайтының (Wuhan Coronavirus (2019-nCoV) Global Cases) нұсқасы бойынша 31.01.2020 жылғы жағдай бойынша Әлемде 9 776 адам коронавирус жұқтырды, оның ішінде өліммен аяқталғаны: 213 адам. Бұл ретте, Коронавирус инфекциясы мына елдер бойынша тарады: Құрлықтағы Қытай, Тайланд, Жапония, Гонконг, Сингапур, Тайвань, Австралия, Макао, Малайзия, Франция, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Канада, Вьетнам, Камбоджа, Финляндия, Непал және Шри-Ланка.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Д-р Tedros Ghebreyesus Халықаралық медициналық-санитариялық қағидаларға (ХМСҚ 2005) сәйкес жаңа Коронавирус (2019-нКоВ) бойынша Төтенше комитетті (бұдан әрі – Комитет) қайта шақыру туралы хабарлады. Комитет ДДСҰ Бас директорына Коронавирустың жайылуын қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық маңызы бар (PHEIC) төтенше жағдай ретінде бөлу мүмкіндігі туралы хабарлайды. Сондай-ақ, Комитет инфекцияны жою бойынша ұсынымдар береді (дереккөз: ДДСҰ ресми веб-парақшасы).

Қазақстанда қабылданатын шаралар туралы. Қазақстанның бас санитариялық дәрігері Ж. Бекшин отандық өндірушілерге Қазақстан Республикасында қорғайтын масканы көбірек шығару қажеттілігі туралы хабарлады. Сонымен қатар, Қытайдан келіп жатқан азаматтармен жүргізілетін жұмыстар туралы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ықпалдастық және ынтымақтастық туралы түсініктеме берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін Қытай аумағына іссапарға шығу шектелгені айтылды.  Оған қоса, Бас сан. дәрігер ҚР аумағында халықаралық спорттық іс-шаралар тоқтатылғанын, Қытайдан жолаушылармен теміржол қатынасы уақытша жабылғанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарына коронавирус туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми веб-парақшасында ғана қадағалау қажет екендігі айтылды (дереккөз: ҚР ДСМ ресми веб-парақшасы).

Өз кезегінде, «University Medical Center» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Қор) белсенді эпидқадағалау бойынша шараларды жүзеге асырып, пациенттерде инфекцияның болуына қатаң мониторинг жүргізу арқылы санитариялық-эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары кешенін енгізді. Сонымен қатар, Қорда қорғаныш маскаларының қажетті саны, арнайы костюмдар және Коронавирус инфекциясы анықталған кезде шұғыл әрекет ететін мамандар бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдары:

«Бас ауруы, мұрын бітелуі, кеуденің ауыруы, пневмония, қызба, дене қызуының көтерілуі, жүректің жиі соғуы, жиілеген дем алу сияқты белгілер пайда болған кезде 103 нөміріне дереу қоңырау шалуды немесе дәрігерді үйге шақыруды сұраймыз. Өз бетінше емделуге жол берілмесін! »

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ішінде Коронавирус пневмониясының белгілері бар материалдар, Қытайда жүрген және шығатын адамдарға ұсынымдар, сондай-ақ Коронавирустан қорғанудың негізгі әдістер:

Запись на кт/мрт