Отделение
Отделение детской неврологии
Описание
Балалар жасындағы неврология бөлімшесінде эпилепсия, эпилептикалық энцефалопатия, балалардың церебральды сал ауруы, жүйке-бұлшықет аурулары, шекаралық психоневрологиялық жағдайлар (аурулардың аутистік спектрі, невроздар), зат алмасуының тұқым қуалаушылық бұзылулары (оның ішінде лейкодистрофиялар), орталық нерв жүйесінің туа біткен даму кемістіктері сияқты аурулармен балаларды (3 айдан 5 жасқа дейін) диагностикалау және емдеу жүргізіледі. Бөлімшеде ұзақ бейнелі ЭЭГ мониторинг жүргізілетін Нейрофизиологиялық зертхана жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда емделушілерге келесі тексеру түрлері жүргізіледі: бас және жұлын миының МРТ/КТ, генетика кеңесі, ЭНМГ, окулистің қарап тексеруі, нейрогенетикалық талдау, биохимиялық талдаулар. Ерте жастағы неврология бөлімшесі 20 төсекке есептелген.
Проведение ЭЭГ – видеомониторинга
Бөлімшенің дәрігерлері алыс және шет ел мамандарымен ынтымақтастықта. Балалардағы неврологиялық ауруларды емдеу неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Запись на кт/мрт