Отделение
Отдел ведения беременных
Описание
Әйел денсаулығы департаментіндегі жүкті әйелдерді қадағалап қарау бөлімінде физиологиялық жүктілігі бар , сондай-ақ қауіп тобына (көтере алмау, ұрықтың жоғалуы синдромы, бедеулік анамнезі, резус- қақтығысы, жатырдың тыртықтары, көпұрықтылық, ЭКҰ жүктілігі және т.б.) жататын жүкті әйелдерге бақылау жасалады.
Жүктілікті қадағалап қарау бағдарламасында жүктілік кезінде физиологиялық өзгерістер мен тамақтану, қауіпсіз босану, серіктес босану артықшылықтары, босанғаннан кейінгі кезең, бала емізу принциптері, босанғаннан кейінгі контрацепция және отбасын жоспарлау туралы дәрістер қарастырылған.
Сонымен қатар гинекологиялық аурулардың диагностикасы мен емі жүргізіледі: жатыр мойнының патологиясы, әйел жыныс мүшелерінің инфекциялық-қабыну аурулары, бедеулік, жүктілікті көтермеу, етеккір циклінің бұзылуы, климактериялық синдром. Бөлімшеде қауіп тобындағы жүктілікті қадағалап қарау бойынша антенаталды күтімнің заманауи технологиялары енгізілген және кеңінен қолданылады.
Бөлімшеде әйелдерге олардың жаңа жағдайына оңай бейімделуге көмектесетін тәжірибелі, қамқор персонал бар. Мұнда Сізге қажетті медициналық көмек көрсетіліп қана қоймай, сонымен қатар жайлылықпен қолдау көрсете отырып, қажетті тексеруден өтуге көмектеседі.
Тәжірибелі жоғары білікті персонал баланың дүниеге келуін жеңілдету үшін босану кезінде өзін қалай ұстау керектігін үйретеді, серіктестік босанудың артықшылықтары туралы хабардар етеді, сонымен бірге перзентхана залына экскурсиялар қарастырылған.
Жүктіліктің асқынуын дер кезінде диагностикалау және антенаталды күтімнің заманауи қағидаларын сақтау- табысты босану мен дені сау баланың тууының кепілі!
1. Сараптамалық УДЗ
2. Кольпоскопия
3. Кардиотокография
Сізге мына жағдайларда гинеколог дәрігерге жүгіну қажет:
– жыныстық өмірдің басталуы;
– мына симптомдардың болуы: ауырсыну, қышу, бөліну, иіс;
– қорғалмаған жыныстық қатынас;
– тұрақты емес, ауырсындыратын етеккір;
– 1 жыл бойы жүктіліктің болмауы;
– жүктілікке дайындық;
– жүктіліктің болуы;
– жүктілік кезіндегі асқынулар;
– жүктілік тоқтатылуының қайталаны;
– климактериялық бұзылулар.
Бөлімде жүктіліктің асқынуынан , босанғаннан кейінгі кезеңнен, гинекологиялық аурулардан сақтандыруға бағытталған ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне негізделген іс – шаралар жүргізіледі. Біз диагноз, аурудың кезеңдері және емдеудің ең қолайлы тактикасын таңдау туралы толық көріністі алу үшін талдаулар мен тексерулердің толық спектрін жүргіземіз.
Запись на кт/мрт