«University Medical Center» корпоративтік қоры Joint Commission International сапасының «алтын белгісінің» иегерлері болып табылатын үш инновациялық денсаулық сақтау нысандарын біріктіреді.
Joint Commission International (бұдан әрі – JCI) аккредитациясы – бұл сапаның «алтын стандарты» болып саналатын және медициналық ұйымның халықаралық деңгейде қабылданған медициналық және әкімшілік стандарттарға, сондай-ақ пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық мақсаттарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкестігін растау болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы аса объективті және беделді халықаралық сертификаттау болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде JCI стандарттар бойынша 800-ден астам ауруханалар аккредиттелген.
«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы 2012 жылдың наурыз айында JCI стандарттары бойынша стационарлық ұйымдарға арналған аккредиттеу бағдарламасынан өткен Шығыс Еуропа және Орталық Азия аумағындағы алғашқы клиника болып табылады.
2015 жылдың сәуір айында «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы JCI аккредиттеуінен қайта өтіп, 10-нан 9,9 балл алып, пациенттердің қауіпсіздігін мен сапаны үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету бойынша барлық процестерді сәтті қолдайтынын растады.
«University Medical Center» корпоративтік қорының Республикалық диагностикалық орталығы 2014 жылдың мамыр айында JCI стандарттары бойынша амбулаториялық ұйымдарға арналған аккредиттеу бағдарламасынан сәтті өткен Шығыс Еуропа және Орталық Азия аумағындағы алғашқы амбулаториялық ұйым болып табылады. 2016 жылы бүкіл әлем бойынша 23 елдегі 126 амбулаториялық ұйымның ғана JCI халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификаты бар еді.
«University Medical Center» корпоративтік қорының Балаларды оңалтудың ұлттық орталығы 2014 жылғы мамырда JCI стандарттары бойынша ұзақ мерзімді медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін аккредиттеу бағдарламасынан сәтті өткен Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аумағындағы жалғыз оңалту орталығы болып табылады. 2016 жылы бүкіл әлем бойынша 12 елдегі 32 ұйымның ғана JCI халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификаты бар.
2021 жылы «UMC» корпоративтік қоры халықаралық стандарттарға сәйкестігін тағы да растады және JCI қайта аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.
“UMC” корпоративтік қорына JCI сертификаты халықаралық беделді инспекторлар жүргізген жіті тексерулерден кейін ғана берілді. Аудиторлар клиникалық бөлімшелер, талдау рәсімдері және медициналық тәжірибелерден бөлек пациенттер мен аурухана қызметкерлері қарамағындағы инфрақұрылымдар мен нысандарды, оның ішінде көлік тұрағын, қызметтермен қамтамасыз ету жүйелерін, сондай-ақ зертханаларды, дәріханаларды мұқият қарап, тексеріп шықты.
“University Medical Center” корпоративтік қоры пациенттерге арналған қызмет сапасы мен қауіпсіздігінің ең жоғары халықаралық талаптарына сәйкес келетін дәлелдеген әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау ұйымдарының бірі саналады.
“University Medical Center” корпоративтік қорының JCI халықаралық аккредитациясына ие болуы оның жоғары сапа стандарттары мен емдеу қауіпсіздігіне жауап беретінін растайды. Бұл өз кезегінде ел азаматтары мен шетелдіктерге жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсынылатынын көрсетеді.
